24
октябрь
2024
Бос орынға конкурс

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос орындарға конкурс жариялайды.
1. Жамбыл облысы Меркі ауданы Жамбыл ауылы Ә.Ысмайлов көшесі №146 мекен-жайында орналасқан, байланыс телефоны: 8(72632)4-43-68, электрондық пошта: aqkozqosanuly@yandex.kz
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бір жүктемемен уақытша педагог-психолог бос лауазымына орналасуға КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ:
2. Лауазымдар атауы:
Педагог-психолог (уақытша) – 1 жүктеме
3. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары: жоғары педагогикалық білім.
4. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 24.10.2024 – 05.11.2024 жыл аралығы
5. Қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7)психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8)наркологиялық ұйымнан анықтама;
9)сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) “Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының” 11- қосымшасына сәйкес нысан бойынша педагогтің уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырған Бағалау парағы.