05
декабрь
2024
"Мамандық таңдай білеміз бе?" тақырыбында дөңгелек үстел
Ағымдағы жылдың 5 желтоқсан күні білім алушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа қатысты ұғымдарын тереңдетіп, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында №18 жалпы орта білім беретін мектебінің кәсіптік бағдар беру педагогтері А. Нұртаева мен Р. Халмурзаеваның ұйымдастыруымен 10 сынып оқушыларына "Мамандық таңдай білеміз бе?" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелде білім алушыларға түрлі мамандықтар туралы кең мағлұмат беріліп, оларды таңдау кезінде қандай критерийлер мен аспектілерге назар аудару қажет екендігі талқыланды. Педагогтер жастарды еңбек нарығында сұранысқа ие және болашақта табысты болуы мүмкін салалармен таныстырды, сондай-ақ өз қызығушылықтары мен қабілеттерін ескере отырып, дұрыс таңдау жасаудың маңыздылығын түсіндірді.
Дөңгелек үстел барысында оқушылар арасында қызықты пікірталас жүріп, әрбір қатысушы өзінің таңдау критерийлерін бөлісіп, болашақ мамандықтарына байланысты сұрақтар қойды. Осы шара арқылы оқушылардың мамандық таңдауға деген жауапкершілігі артып, олардың болашаққа деген көзқарасы кеңейді.