24
октябрь
2025
Күзгі каникул кезеңі

Күзгі каникул кезеңі 2025 жылғы 27 қазанда басталып, 2 қарашаны қоса алғанда жеті күнге созылады.
Мектеп оқушыларының күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында іс-шаралар ұсынылады.
* «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру шеңберінде «Демалыста кітап оқимыз» іс-шарасы; «Буллингтен қорған!» қауіпсіздік сабағы;«Мектеп театрының» жұмысы ұйымдастырылады. Ең бастысы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алу іс-шараларына, мектептің ішкі тәртібін сақтау, балалардың көшеде қауіпсіздігі, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздік шараларына ерекше назар аударылады.