10
октябрь
2025
"Көкейімде бар әлем" атты көрме
«Көкейімде бар әлем» атты көрме ұйымдастырылды. Меркі аудандық тарихи -өлкетану мұражайында ерекше жандарға арналған игі шара ұйымдастырылды. Іс-шараға ауданымыздың оңалту орталығының тәрбиеленушілері қатысты. Көрмеде олардың қолымен жасалған түрлі қолөнер бұйымдары қойылды. Шараның басты мақсаты – ерекше балалардың шығармашылығын қолдау және қоғаммен байланысын нығайту болды. Көрмеге мектеп оқушылары да белсенді қатысып, тәрбиеленушілердің еңбектерімен танысты, қолдау көрсетті. Бұл шара оқушылардың адамгершілік құндылықтарын дамытуға, мейірімділік пен қамқорлық сезімін қалыптастыруға септігін тигізді. Іс-шараға Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушылары да қатысып,ерекше әсермен бөлісті. «Көкейімде бар әлем» - мейірім мен үмітке, рухтың мықтылығына арналған кездесу болды.