18
декабрь
2025
"Төтенше жағдайлар -қауіпсіздігіміздің кепілі"
2025 жылдың желтоқсан айында мектебімізде «Төтенше жағдайлар – қауіпсіздігіміздің кепілі» тақырыбында оқушылармен кездесу өтті. Кездесуге Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері арнайы шақырылып, оқушыларға төтенше жағдайлардың түрлері, олардың алдын алу жолдары және осындай жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету тәртібі туралы түсінік берілді.
Мамандар өрт қауіпсіздігі, табиғи апаттар, газбен улану, су тасқыны, жер сілкінісі сияқты жағдайларда алғашқы көмек көрсету және эвакуация ережелерін таныстырды. Сонымен қатар, бұл салада қызмет ету үшін қандай білім мен дағдылар қажет екені, ТЖ қызметкері мамандығының маңыздылығы мен жауапкершілігі жайында айтылды.
Кездесу оқушылар үшін өте пайдалы әрі танымдық маңызға ие болды. Оқушылар қауіпсіздік туралы білімдерін арттырып, төтенше жағдайлар қызметінің мамандығы туралы мағлұмат алды.
