29
февраль
2024
Хабарландыру. Бос лауазымға конкурс
«Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін тірек мектебі (ресурстық орталық)» коммуналдық мемлекеттік
тұрақты басшысының (директорының) бағдарлы ісі жөніндегі орынбасары бос лауазымына орналасуға конкурс жарияланады
2. Лауазымдық міндеттері:
1.Бағдарлы және бағдарлы оқыту жұмысының жоспарын жасайды, жүзеге асырады.
2.Таңдап алынған бағыт бойынша пәндердің оқытылуын қадағалайды.
3.Мұғалімдердің бағдарлы пәндер бойынша қажетті біліктілігін қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастырады
4.Оқушылардың бағдарлы пәндерді меңгеруі бойынша білім жетістіктері деңгейін анықтайды, қорытындылайды.
5.Жоғары сынып оқушыларының тұлғалық бағытталған білім алуына жағдайлар жасау (іс-шаралар ұйымдастыру)
6.Мұғалімдермен оқыту семинарларын, бағыттар бойынша жобалау жұмыстарын ,мониторинг жұмыстарын ұйымдастырады.
7.Қолданбалы,таңдау курстарының оқытылуын қадағалау
8. Үйірме,қосымша сабақтардың оқытылуын ұйымдастыру, қадағалау
9. 10.Магниттік мектептермен байланыс жүргізу.
3.Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогика және психология негіздері;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, үлгілік оқу бағдарламалары, үлгілік оқу жоспарлары, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
педагогикалық этиканың нормалары;
менеджмент, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы.
Арнайы мектеп, мектеп-интернат, арнайы мектеп-колледж, "балабақша-мектеп" арнайы кешені басшысының орынбасары (директоры) үшін:
"Арнайы білім" ("Дефектология") бағыты бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5жыл, оның ішінде педагогикалық өтілі соңғы 2 жыл;
және (немесе) педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы.
Еңбек ақы штаттық кестеге сәйкес 150 – 200 мың теңге (жүз елу – екі жүз мың теңге)Жұмыс уақытының мөлшерлі ұзақтылығы: 09.00 – 18.00-ге дейін
4. Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау «Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін тірек мектебі (ресурстық орталық)» коммуналдық мемлектті мекемесінің қабылдау бөлімінде 2024 жылдың 05-15 ақпанға дейін конкурс өткізу жүргізіледі. Құжаттарды қабылдау мектеп базасында жұмыс күндері сағат 9.00- 13.00, 14.00-17.30-ге дейін қабылданады.
5. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды.
1) осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8)наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы