«Сенімділік күш береді!» тренинг
Ағымдағы жылдың 23 сәуірінде мектептің педагог-психологтары оқушылардың психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған көктемгі айлық жоспарына сай Қасымова Жадыра мен Нурбекова Орынкулдің ұйымдастыруымен 9- 11 сынып оқушыларына «Сенімділік күш береді!» тақырыбында тренинг өткізді.
Тренинг мақсаты: оқушылардың ҰБТ-ға дайындық кезіндегі сенімділігін, мінез-құлық, эмоциялық ерік- сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру, оқу танымдық қабілеттерін арттыру. Ішкі еркіндік, қарым-қатынас пен іс-әрекеттегі батылдықты, өзіне деген сенімділікті қалыптастыру.
Тренинг барысында педагог-психологтар оқушылармен «Сенімділік туралы сұрақ жауап», «Жауапкершілік» әдістемесі, «Сенімділік» ойыны «Аффирмация» әдістемелерін қолдана отырып жүргізді.Тренинг соңында ұстаздар кері байланыс алынып,оқушылар өз ойларымен бөлісті.
