22
декабрь
2022
«Жақсы көңіл күйге шақырамыз» тақырыбында тренинг
Қараша айында білім алушылардың психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған айлық барысында 23.11.2022ж. күні мұғалімдермен «Жақсы көңіл күйге шақырамыз» тақырыбында тренинг өткізілді. Мұғалімдерге арналған тренингтер олардың бойындағы мынадай маңызды сапаларды: кәсіби іс-әрекеттердің эффективті индивидуалды стилін қалыптастыру; оқушылармен, олардың ата-аналарымен, мектеп басшылығымен, әріптестерімен сонымен қатар өз отбасы мүшелерімен ойдағыдай қарым-қатынас жасай алуын қалыптастырып, дамыту үшін де қажет. Тренингке қатысушы мұғалімдер жаттығу барысында басқалардың іс-әрекетін бақылай отырып, өз мүмкіндіктерін бағалайды, эмоционалдық тұрғыда көңіл-күйлерінің орнығып, жұмысқа қабілеттері артады. Тренингке мұғалімдер ерекше қызығушылықпен қатысты.






