"Әлем таныған тұлға" 5-8 сынып жетекшілері «Ғасырдың ғажап азаматы», 9-11 сыныптың жетекшілері «Ел басы ел тірегі, ел сенімі» тақырыбында сынып сағаттарының өтілуі туралы
1-желтоқсан Тұңғыш президент күніне арналған іс-жоспаралар аясында "Әлем таныған тұлға" 5-8 сынып жетекшілері «Ғасырдың ғажап азаматы», 9-11 сыныптың жетекшілері «Ел басы ел тірегі, ел сенімі» тақырыбында сынып сағаттарының өтілуі туралы
Анықтама
2021-2022 оқу жылы
1-желтоқсан Тұңғыш президент күні мерекесі аясында жоспарланған іс-шаралар аясында 1-4 сыныптың жетекшілері "Әлем таныған тұлға" 5-8 сынып жетекшілері «Ғасырдың ғажап азаматы», 9-11 сыныптың жетекшілері «Ел басы ел тірегі, ел сенімі»тақырыбында сынып сағаттарын өтті. Мақсаты: 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәнін ашу; Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу;
Оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру.
Сынып сағатының өту барысында оқушыларға Елбасы Н.Ә.Назарбаев туралы тың ақпараттар айтылып, сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Оқушылар өлең шумақтарын мәнерлеп жатқа айтты. Елінің дамуына 30 жыл уақытын арнаған елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтің қызмет жолындағы естеліктері туралы слайдтар көрсетіліп, өмір жолына шолу жасалынды.