02
сентябрь
2024
«Менің Отаным -Қазақстан» атты бірыңғай сынып сағаты

Бүгін кез келген бала мен бүлдіршіннің өмірі үшін маңызды күн. Әсіресе, мектеп табалдырығын енді аттаған бала мен ата-ана үшін орны ерекше ,ең ұлы мереке екені даусыз.
Осындай атаулы мереке Ақкөз Қосанұлы атындағы№18 жалпы орта білім беретін тірек мектебінде 7-11 сынып оқушыларына жаңа оқу жылының алғашқы лездемесі өткізілді. Лездемеде мектеп директоры Сейдалиев Ербол Есеналыұлы білім алушыларды құттықтап, ыстық тілегін білдірді. Әрқашан білімге ұмтылып, құндылық жинап, жақсы істердің жанынан табылу қажеттігін жеткізді.Сондай-ақ бала өміріндегі маңызды күнде «Менің Отаным -Қазақстан» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді.Сынып сағатының 10 минуты баланың жеке қауіпсіздік сабағына арналды.Аталған сынып сағаты аясында мектеп басшысы әр сыныптың сынып төрайымдарымен сұхбаттасып,шәкірттердің арман-мақсаттары туралы көзқарастарын тыңдады.
Сынып сағатының мақсаты: Оқушылардың Қазақстан туралы ой-өрістерін кеңейту. Халқымыздың әдет-ғұрыптарына, салт-дәстүрлеріне, әдебиеті мен мәдениетіне деген танымдық қызығушылықтарын ояту. Туған жерін сыйлауға, бағалай білуге Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.


и ещё 15