«Оқуға құштар мектеп» жобасы
Ақкөз Қосанұлы атындағы жалпы білім беретін тірек мектебі (ро)
2021-2022 оқу жылы
Анықтама
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқушыларды ертегілер мазмұнымен таныстыру, мазмұны арқылы сурет салуға үйрету,балалардың бейнелеу қабілетін шыңдау,іздену, зерттеу қабілеттерін дамыту, шығармашылық қиялын, ойлау кеңістігін дамыту мақсатында «Ертегілер сыр шертеді» тақырыбында ертегі желісімен қуыршақ театры ұйымдастырылды. Іс - шара барысында кітапханашы Абашова Жанар балалардың қызығушылықтарын ояту үшін "Үш күшік", "Қызыл телпек" ертегілерін оқыды. Оқушылар бар зейіндерін қойып тыңдады. Кітапханашы: - Ал балалар өз ойларыңмен ертегі құрастыра аласыңдар ма? - деген сұрақ қойды. 10 - 15 минут уақыт өткен соң оқушылар өз ойларын жеткізе бастады. Іс - шара соңында бірнеше сұрақтар қойылды.
Кітапханашы: Абашова Ж
Байдаулетова А

