«Ата-аналарға көмек ретінде балаңызға мағыналы қалай көмектесуге болады, оқу сауаттылығын қалыптастырудың әдістері мен тәсілдері» тақырыбында оқыту семинары
Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін тірек мектебі (ресурстық орталық)
2021-2022 оқу жылы
«Ата-аналарға көмек ретінде балаңызға мағыналы қалай көмектесуге болады, оқу сауаттылығын қалыптастырудың әдістері мен тәсілдері» тақырыбында оқыту семинары ұйымдастырылып, өткізілгені туралы.
Анықтама
Ата-аналарға көмек ретінде балаңызға мағыналы қалай көмектесуге болады, оқу сауаттылығын қалыптастырудың әдістері мен тәсілдері тақырыбында оқыту семинары ұйымдастырылып,өткізілді. Мақсаты: оқушыларының тіл байлығын дамыту барысында жұмыстарды ұйымдастыру арқылы сауаттылығын арттыру; жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қазіргі қоғам талабына сай ой - өрісін дамыту, шығармашылығын кеңейту, терең білімді, бәсекеге қабілетті тұлғаны жасау; Білімге деген қызығушылығын дамыту; Оқушылардың шығармашылық қабілетін көтеру;Семинарда ата-аналарға оқу сауаттылығының қалыптастырудың әдістері мен тәсілдері туралы айтылды. Оқу - бұл интеллектуалдық даму технологиясы, мәдениетті қалыптастыру тәсілі, қарым қатынастағы делдал, өмірлік мәселелерді шешу құралы. Оқусыз өмір бойы жалғасып келе жатқан зияткерлік даму мен өздігінен білім алу мүмкін емес екендігін айтты. Табиғи құндылықтар тәрбие жүзінде адам бойында қалыптасады. Табиғи құндылықтарға: ақыл, сезім, ойлау, ерік, есті жатқызады. Жүре пайда болатын құндылықтардың өзін интеллектуалдық және эмоционалдық құндылықтар деп бөліп қарастырды. Сократ философиясының мақсаты адамды ізгілікке тәрбиелеу деп түсінді және адам оған өзін тану және өзін сынау арқылы жете алатынын айт ып кетті, сол сияқты әр адам өзіне өзі сын көзбен қарай білгенде ,сыни сауаттылығы дамитынын айтты. Оның әйгілі «Менің білетінім – мен ештеңе білмеймін, басқалар оны да білмейді», «Өзіңді-өзің танып-біл!», «Әр адамның бойында күн бар, нұр бар, тек оның нұрлануына мүмкіндік беріңдер» деген қағидаларының негізгі мазмұны да осы . Әрдайым оқуың оқу үстіндегі адамдар интеллектуалды, кеңістік жағынан тұас дамыған тұлға болатынын айтты. Оқылым бөлігінің процесті негізгі құрылымын анықтайтын ең басты көрсеткіш – білм мәтін екенін айтып, мәтінмен жұмыс жасау жолдарын айтты. Оқырман т сауаттылығының негізі мәтінмен жұмысты толық қалыптастыру болып табылады. Оқу сауаттылығы-жазбаша мәтіндерді түсіну және оны қабылдай алу мүмкіндігін дамыту екендігін айтып өтті. Ата-аналарға оқу сауаттылығымен жұмыс жасаудың түрлі әдіс-тәсілдерін көрсетті.
Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін тірек мектебі (ресурстық орталық)
2021-2022 оқу жылы
«Сыныптың үздік оқырманы» байқауы өткізілгені туралы
Анықтама
Сыныптың ішінде «Сыныптың үздік оқырманы» байқауы өткізілді.
Мақсаты:Оқырмандарды кітап оқу өнеріне, дүниетанымын кеңейтуге, білімдерді сарқып білуге, көркем шығармалардың тамашалығын сезінуге, оқығандарын дұрыс бағалай алуға, өмірде, еңбекте, оқуда, кітапты пайдалануға баулу. Ұйымдастырушы кітапханашы мен сынып жетекшісі. Байқауға сыныптың кітапты көп оқитын, үздік оқырмандары қатысты. Кітапханашы еліміздің азаматтары қазіргі заманға сай білімді, мәдениетті, өнерлі болуы қажеттігін айтып, ол үшін терең білім, ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды өнерімізді білу үшін кітапты көп оқуымыз керектігін айтып өтті.. ХХІ ғасыр- білім, ғылымның ғасыры. Еліміздің Еуразия жүрегіндегі Жаңа Қазақстанды өрнектеудің 2030 жылға дейінгі бағдарламасында талабы таудай, қабілетті, ізденімпаз жастар ұлтымыз үшін мақтаныш, еліміз үшін абырой екені, ондай жастардың әлемдік бәсекелестікке төтеп беретіні, ұлт ақыл-ойының болатыны көрсетілген. Өркениеттің көшінен қалмау үшін біз білім сапанын арттырып, адам ресурсын байытуымыз қажет. Болашақ білімді жастарымыздың қолында. «Оқитын Қазақстан» бағдарламасын басшылыққа ала отырып, бүгінде кітапханалар- еліміздің болашағы, жастардың ғылым, білім жолындағы өмірлік құлшынысына айналып отыр. Осыған орай, біз кітапхананың білімді де таланты оқырманын анықтау үшін «Үздік сынып оқырманы» байқауы өткізілді.
Сайысымыз 4-бөлімнен тұрды.
1.таныстыру
2.сұрақтарға жауап беру
3.өнер сайысы( мәнерлеп оқу)
4.үй тапсырмасы «Болашаққа- қазақ тілімен» атты шығрма жазу.
11 «А»сынып оқушысы-Қасым Дәмелі
11 «А»сынып оқушысы-Тобыш Аружан
11 «А»сынып оқушысы-Күздеубай Мөлдір
Байқауда оқушылар өздерінің дайындықтарын көрсетті. Байқауда Тобыш Аружан өзінің көп кітап оқитындығын дәлелдеп шығып, бірінші орынды иеленді.Екінші орынды Қасым Дәмелі. Үшінші орынды Күздеубай Мөлдір иеленді.
