14
октябрь
2024
"Денсаулыққа пайдалы тағамдар" тақырыбында ашық сабақ
14 қазан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің айлық жоспарына және "Дұрыс, тиімді тамақтануды" насихаттау аясында 7- сынып оқушыларымен "Денсаулыққа пайдалы тағамдар" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылармен теориялық дағдыны біліктілік дағдымен ұштастыра отырып, дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүргізілді. Пайдасыз тағамдарды табиғи тағамдармен алмастыру туралы ұсыныстар айтылды. Ұлттық тағамдардың құнарлылығы мен пайдасы туралы мәліметтер берілді.
