«Шешендік өнер» және «Тіл мәдениеті» үйірме жұмыстары туралы мәлімет
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қосымша білім беру педагогі
Алдекенова Аиданың «Шешендік өнер» және «Тіл мәдениеті» үйірме жұмыстары туралы мәлімет
«Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында ақпараттық технологияларды пайдалана отырып,оқушының танымдық қызығушылығын арттыру» тақырыбында жұмыс жасадым.
Мұғалім- білім саласындағы басты тұлға.Ол сауатты, жан-жақты білімді,өз бойындағы сол білімді оқушы жүрегіне еркін ұялата аларлықтай әдістемелік шеберлігі болуы шарт.
2021- 2022 оқу жылында
Оқушыларға екі тақыпыбы бойынша күнтізбелік – тақырыптық жоспар жасадым.
- Шешендік өнер
- Тіл мәдениеті
«Шешендік өнер» деген атпен құрастырылған бағдарлама бірыңғай шешендердің айтысын немесе билердің дауын бейнелемейді, сонымен бірге халық даналығынан туған асыл ойларды, өсиет-насихат сөздерді, өткір мысқыл, әзіл, тапқырлық сындарды, т.б. қамтиды. Мұнда жыраулардың,би-шешендердің шешендік нақыл, тапқырлық сөздермен қатар ақындық терме, толғаулар да аз емес. Құнттап қараған әр оқушы бағдарлама негізінде тілі көркем, ойы терең сөздердің жақсы үлгілерін таба алады.
Үйірменің мақсаттары мен міндеттері:
Мақсаты:
Дәстүрлі шешендікпен қатар,ертеде ел өміріне ғасырлар бойы қолданылған халық ауыз әдебиетінің түрлеріндегі кездесетін шешендік сөздердің мән – мағынасын ашып, ұмыт болғандарын еске түсіру арқылы, өз ана тілінде ойын, пікірін, көзқарасын қорғай алатын ұлтжанды азамат қалыптастыру.
Міндеттері:
1.Оқушылардың сөз құдіретін түсініп, қорытынды шығаруға үйрету. 2. Өз беттерімен әрекеттену әдісін қолдану барысында танымдық және шығармашылық икемділіктерін жүзеге асыруға үйрету. 3. Шешен билердің өнегелі сөздерін талдау арқылы өткір, әдепті, мәдениетті, әсерлі сөйлеуге баулу.
Үйірменің тақырыптық мазмұны: I бөлім. Шешендік өнер – халық мұрасы. II бөлім. Шешендік сөздер – көп қырлы өнер. III бөлім . Сөз мағынасы – тауып сөйлеудің кілті. IY бөлім . Аталар сөзі – ақылдың көзі. Y бөлім . «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе». YI бөлім . Халық ауыз әдебиеті – халық шежіресі. YII бөлім. Айтыс поэзиясының тарихы.
«Шешендік өнер» пәні оқушылардың бойында мақсат қою, тапқырлық, шапшаңдық, табандылық, ұқыптылық және өз ойларын еркін де нақты айта алу секілді қабілеттерін қалыптастырады. Оқушылардың теориялық білімдерін тереңдетіп, практика жүзінде кеңінен қолданылуына ықпалын тигізеді.
«Тіл мәдениеті» үйірме жұмысының мақсаты:
Сөйлеу, тіл мәдениеті машықтарын меңгерген, коммуникативтік біліктілігі артқан, логикалық ойлауы өз деңгейіне сәйкес дамыған, мәдениетті сөйлеуге бейімделген оқушыны тәрбиелеу және қазақ тілі сабақтарында ақпараттық,тілдік қарым – қатынасты дамытып, өзінің ана тілі-қазақ тілін сапалы меңгерген тұлға қалыптастыру.
Міндеті:
- Сөз адамның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, байыптылығын, ақыл-парасатын көрсететінін ұғындыру;
- Сөйлеу мәдениетіне қай уақытта болса да ерекше мән бергенін, қай халық болса да жоғары бағалағанын түсіндіру;
- Сөйлеу мәдениеті сөйлеуші адамның ішкі жан дүниесінің тазалығына да, сөз өнеріне де қатыстылығын ескере білу;
- Сөзге шешен адам мәдениетті әрі шебер сөйлей білу керек екеніне түсінік беру; Мәдениетті, ой-өрісі жоғары, өмірге сенімді, адал адамдардың сөйлеу тілі де жоғары болуға тиістілігін аңғарту;
- Тіл - адамның ішкі жан дүниесінің айнасы екенін ұғындыру.
Бұл үйірмеде оқушылардың - Тіл білімі салалары, қазақ тілінің грамматикасы бойынша білімдері, оқу сауаттылығы артады.
Тіл мәдениетін меңгерген, коммуникативтік біліктілігі артқан, логикалық ойлауы өз деңгейіне сәйкес дамыған оқушы қалыптасады.
Ұлттық мәдениетті құрметтей білетін, рухани адамгершілігі мол, отансүйгіш азамат болып қалыптасуына ықпал жасалады.
Оқушыларды шығармашылық жұмыстарға тәрбиелеу,өнерге деген ынтасын көтеру, дарынды оқушыларды аудандық,облыстық байқауларға қатысып жүлдеге жету.
«Мұғалім мектептің жүрегі» мектептегі бар істің иесі мұғалім.Оның жаңалықты меңгеруі мен оны оқу –тәрбие үрдісіне енгізуі уақыт талабы.