«Funny English» және «English club» үйірме жұмыстары туралы мәлімет » СШ№18 им. А.Косанулы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3244264
Есепші бөлімі:
+7(726) 3244264
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Funny English» және «English club» үйірме жұмыстары туралы мәлімет
14
ноябрь
2022

«Funny English» және «English club» үйірме жұмыстары туралы мәлімет

Ағылшын тілі пәнінен қосымша білім беру педагогі

Жексебек Асылдың «Funny English» және «English club» үйірме жұмыстары туралы мәлімет                        

Үйірмеге балаларды білім деңгейіне қарай топтастырып оқыту. Білім деңгейлерін лексикалық, грамматикалық, фонетикалық жағынан дамыту, қарым –қатынас тіл ретінде қолдануға үйрету.   Оқушыларды қарапайым, қысқа нұсқаулар сияқты материалдар оқи алу және аудара алу біліктерімен қаруландыру.

2022 - 2023 оқу жылында 

Оқушыларға екі тақырыбы бойынша күнтізбелік – тақырыптық жоспар жасадым.  

  1. «Funny English»
  2. «English club»

«Funny English» - оқушылардың ағылшын тіліне сүйіспеншіліктерін арттыру, ағылшын тілін қазақ тілімен салыстыру; ағылшын тілінде өлеңдер, тақпақтар, жаңылтпаштар және мақал-мәтелдер арқылы оқушылардың шетел халықтарының өмірімен, салт-дәстүрлерімен таныстыру; ағылшын халықтарының тұрмыс-тіршілігімен, олардың көрнекті өкілдерінің өмірімен, алынған деректерімен, бұл халықтың көрнекті жерлерімен танысу;

Үйірменің мақсаты мен міндеттері:

Мақсаты:

-  балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру арқылы лингвистикалық қабілеттерін дамыту;

- Ойын түрлері арқылы оқушылардың ағылшын тілін үйренуге деген ықыласын арттырып, сол тілде сөйлеуге үйрету.

Міндеттер:

- үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру;

- баланың өз күшіне сенімділігін нығайту және дұрыс мотивация құру; - ағылшын тілінің ырғағымен және мәнерлі дыбысталуымен танысу, балалардың тілдік құзыреттілігін дамыту;

- ойын және нақты қарым-қатынас жағдайында қарапайым деңгейде серіктеспен байланыс орнатуды үйрету;

- фонетикалық есту қабілетін дамыту;

- ағылшын тілінде сөйлеу мазмұнын түсінуге үйрету;

- зейін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;

- айту және тыңдату: ауызша сөйлеу дағдысының негізін дамыту.

- үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру;

«English club» үйірме жұмысының мақсаты: 

оқушыларға «бастауыш» деңгейде еркін сөйлеу дағдыларын үйрету. Оқушылардың ағылшын тілінде еркін қарым-қатынаста өз деңгейінде сөйлеуге үйрету.

Міндеттері:

• оқушылардың сөйлеу, лингвистикалық, әлеуметтік-мәдени құзыреттілігін қалыптастыру;

• қарапайым диалогтық және монологтың сөйлеуін үйрету;

• грамматиканың негіздерін оқып үйрену және іс жүзінде бұл ережелерді ауызша сөйлеу тілінде қолдануды үйрену;

• ағылшын тілі дыбыстарының дұрыс айтылуына және сөздің дұрыс үндеуіне оқушылардың дағдыларын дамыту;


Мұғалім – мектептегі оқу тәрбиелік процесті басқарушы және ұйымдастырушы. Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив