Әдістемелік кеңес отырысы
Әдістемелік кеңес отырысы өткізілді.
Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін тірек мектебінде (ресурстық орталық) 2023 жылдың 02 қазаны күні «Сабақты зерттеу –педагог кәсіби шеберлігін дамыту жолы» тақырыбында әдістемелік кеңес отырысы болып өтті. Әдістемелік кеңесте пән бірлестіктері өткен оқу жылындағы жұмыстарына SWOT талдау жасады. Жасалған жұмыстарының тиімді жақтары және күшті, әлсіз жақтарын анықтап, жұмыс сапасын арттыру үшін қандай мүмкіндіктеріміз бар, мүнкіндіктерімізді пайдалана отырып әлсіз жақтарды жою туралы пікірталас жүргізілді. Пән бірлестіктері SWOT талдау бойынша өз жұмыстарының қорытындысына мониторинг жасады. Қорыта келгенде, пән бірлестік жұмыстарын талдау негізінде бар жақсы жақтарын және әлсіз жақтарын айқын анықтап, осыларды ескере отырып мүмкіндіктерімізді жүзеге асыруға өз ұсыныстарын білдірді. Мектеп тренері Билибаева Венера мұғалімдер жасаған жұмыстарын сараптап, өзінің күшті жақтарын білуі, әлсіз тұстарын тану мен қолда бар мүмкіндіктерді тағы бір мәрте пайдаланып көруі керектігін ой-толғаныстан өткізуі – ол мұғалімнің әр қадамын зерттеуі болып табылады. Бұл бағдарламаның ерекшелігі мектеп мұғалімі сынып оқушыларының дәл осы сәттегі жағдайын зерттей отырып, берілетін пән арқылы оқушылардың ерекшелігі мен қабілеттерін ескере отырып, мұғалімнің кәсіби өсуіне және оқушының жан-жақты ашылып жетілуіне ұжымдағы мұғалімдермен бірлесе отырып зерттеу жұмысын жасайды. Ал бағдарлама бойынша сертификатталған мектептің көшбасшы мұғалімі ұжымда зерттеу сабақтарын өткізудің қыр-сырын меңгеріп, оны мектеп жұмысына енгізеді және де зерттеу сабақтарының жүру барысы айналымымен әріптестерге таныстырады, жоспарлайды, жүзеге асырады, қорытындысын жасайтынын жан-жақты түсіндіріп, жоғарыдағы анықталған проблемаларды шешу мақсатында қоғамдық-гуманитарлық бағытта, жаратылыстану-математикалық бағытта және бастауыш саты бойынша зерттеу жүргізу топтары құрылды және топ жетекшілері сайланып, құрылған топ зерттейтін бағыттарын таңдады. Сабақты зерттеуде мұғалімдер өзара білім мен тәжірибе алмаса отырып, кәсіби қоғамдастық құруға септігін тигізеді. Сабақты зерттеу мұғалімдердің кәсіби өсуіне бірден бір даңғыл жол болып табылатынына және анықталған проблемалар жақсы қорытынды беретініне сенімдіміз!






