«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» жас мамандарға әдістемелік апталық
Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін тірек мектебі
(ресурстық орталық)
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» жас мамандарға әдістемелік апталықтың өтілуі туралы
Анықтама
11.10-15.10 қазан аралығында «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» жас мамандарға әдістемелік апталық өтті. Апталықтың жоспары жасалып, басшымен бекітілді. Апталықтың мақсаты: Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету. Апталықта Рахметілдаева Ж әдебиет пәнінен 9«в» сыныбында «Біржан- Сара айтысының көркемдік ерекшелігі» тақырыбында ,Дүйсеналиева Г математика пәнінен 7 «а» сыныбында «Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу» тақырыбында, Кужабекова М орыс тілі пәнінен 8 «ә» сыныбында «Балуан Шолақ»
С. Муканов тақырыбында , ағылшын тілі пәні мұғалімі Ахметова Л 4 «а» сыныбында «Draqons and creatures» тақырыбында ашық сабақтар өтті. Жас мамандар ашық сабақтарға қатысып, әдістемелік көмек алды. «Жас мамандардың педагогикалық кәсіптік шеберлігін арттыру» тақырыбында мектеп тренері Билибаева В коучинг өтті. Мақсаты: Жас мамандарды педагогикалық жаңашылдыққа үйрету. Оларға әдістемелік көмек көрсету арқылы педагогтардің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту. Коучингте жас мамандарды 3 топқа бөліп, тапсырмалар берілді. Сабаққа қойылатын талаптар, сабақ мақсаттары қалай қойылады?, сабақтың негізгі компоненттері, мұғалімнің сабаққа дайындалғанда мұғалім әрекетінің алгоритмі, мұғалім стилі, әдебі тақырыптары бойынша жұмыстар жүргізілді. Коучинг соңында жас мамандар --мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі дегенімізді қалай түсінеміз? тақырыбында ой-пікір алаңын құрды. Ойларын ортаға салып,кәсіби өсу үшін өзін-өзі дамыту керек деген қорытынды жасады. Мектеп тренері Мусадилова А «Сабақ түрлері мен типтері»тақырыбында жас мамандарға әдістемелік көмек көрсетті.
1. Сабаққа қойылатын талаптар
2. Сабақтың негізгі компоненттері
3. Мұғалімнің сабаққа дайындалуы
4. Сабақты жоспарлау және мұғалімнің оны дайындау кезеңдері
5. Әр түрлі үлгіде көрсетілген сабақ талаптары
6. Сабақты өзіндік талдау
7. Өткізілген сабаққа мұғалімнің талдау жасау алгоритмі
8. Қазіргі сабақтың негізгі этаптары
9. Сабақ талдау түрлері мен типтері
10. Сабақтың тиімділігін арттырудың негізгі жолдары
11. Анықтама жазу әдістемесі
12. Шығармашылық жұмыстар туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Бекітемін
Мектеп директоры Б.Т.Бектурганов
Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін тірек мектебі (ресурстық орталық)
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» жас мамандарға әдістемелік
апталықтың өтілу жоспары
2021-2022 оқу жылы
Ашық сабақтар | |||||||
№ | Мұғалімнің аты-жөні | сыныбы | пәні | Сабақтың тақырыбы | Мерзімі | Өтілетін орны | |
1 | Рахметілдаева Ж | 9«в» | Әдебиет | Біржан- Сара айтысының көркемдік ерекшелігі | 11.10.2021ж 3-сабақ | №23 | |
2 | Дүйсеналиева Г | 7 «а» | Математика | Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу | 12.10.2021ж 2-сабақ | №24 | |
3 | Кужабекова М | 8 «ә» | Орыс тілі | «Балуан Шолақ» С. Муканов | 13.10.2021ж 3-сабақ | №21 | |
4 | Ахметова Л | 4 «а» | Ағылшын | Draqons and creatures | 13.10.2021ж 1-сабақ | ||
ШЕБЕРЛІК СЫНЫПТАР, КОУЧИНГТЕР | |||||||
№ | Мұғалімнің аты-жөні | Тақырыбы | Мерзімі | Өтілетін орны | |||
1 | Билибаева В | «Жас мамандардың педагогикалық кәсіптік шеберлігін арттыру» коучинг | 14.10.2021ж | Акт залы | |||
2 | Мусадилова А | Сабақ түрлері мен типтері. Әдістемелік көмек | 15.10.2021ж | №25 | |||


