24
январь
2025
Мамандық иелерімен кездесу
Адам өміріндегі ең жауапты кезең - мамандық таңдау. Өзінің қабілеті мен қарымы жететін , бастысы қызығатын салада еңбек ету арқылы қоғамның дамуы мен елінің гүлденуіне де үлес қосу, әр азаматтың міндеті. №18 А.Қосанұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің кәсіби білім беру педагогтары А.Нұртаева мен Р. Халмурзаеваның ұйымдастыруымен "Мамандықтар әлемі" тақырыбында өз кәсібін жақсы меңгерген дәрігер Тиналиева Қарлығаш Асубайқызы, шебер сән салонының маманы Асылбаева Назира Қыдырбекқызы, қазіргі таңда ең сұранысқа ие мамандық болып табылатын "мобилограф" Бақтыбай Ақжол Ержанұлы қонаққа шақырылды. Білім алушыларға мамандықтарға деген ынта-ықыласын арттыру, кәсіптік бағдар беру, өзін-өзі тану аумағын кеңейту, мамандықтар әлемінен ақпараттар беру мақсатында жұмыс жүргізілді. Оқушылар өздерінің ойларын ашық айтып, мамандық иелерімен пікір алмасты.




