03
апрель
2025
"ҰБТ заман талабы "
2025 жылдың 3 сәуірінде 11-сынып білім алушыларымен «ҰБТ: Заман талабы» тақырыбында кездесу және жиналыс өтті. Мектеп басшысы өз қолдауын білдірді . Іс-шараның мақсаты — оқушыларды Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау, оларды заманауи талаптар мен талаптарға сай білім алуға ынталандыру мақсатында.
Кездесу барысында келесі мәселелер талқыланды:
1. ҰБТ-ның маңызы мен талаптары: Оқушыларға ҰБТ-ның білім беру жүйесіндегі рөлі, қазіргі таңда білім алу және мамандық таңдау тұрғысынан оған дайындықтың қаншалықты маңызды екені түсіндірілді.
2. Тест нәтижелері мен пәндер бойынша дайындық: ҰБТ-ға дайындық барысындағы негізгі пәндер мен әр пән бойынша дайындық әдістемелері туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, оқушыларға тестілеу процесінің ерекшеліктері мен дұрыс стратегиялық жоспар құру қажеттілігі туралы айтылды.
3. Жаңашылдықтар мен өзгерістер: 2025 жылғы ҰБТ форматындағы өзгерістер мен жаңашылдықтар туралы баяндалды, соның ішінде жаңа бағалау жүйесі мен қосымша тапсырмаларды орындау талаптары.
4. Психологиялық дайындық: Оқушыларға ҰБТ алдында психологиялық дайындықтың маңызы, стресс пен қобалжуды жеңу жолдары туралы кеңестер берілді.
