22
декабрь
2023
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН НЫҒАЙТУ БОЙЫНША ОНКҮНДІК ӨТТІ
Меркі ауданының білім бөлімінің жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 11-20 желтоқсан аралығында № 18 жалпы орта білім беретін тірек мектебінде «Нәтижеге бағытталған әдістемелік көмек» тақырыбында білім алушылардың білім жетістіктерінің деңгейін арттыру, пән мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында онкүндік жоспарланып өткізілуде.
Осыған орай, мектепте жоспарлы іс-шараларды іске асыру мақсатында 11-12 желтоқсан күндері аралығында мектеп ұжымымен білім алушылардың білім жетістіктерін арттыру бойынша бірлесіп нәтижеге қол жеткізу жолдарын талқылау мақсатында пән мұғалімдерімен жиналыс өткізілсе, 15-18 желтоқсан аралығында 4-9 сынып оқушыларының білім деңгейіне сараптама жүргізу мақсатында сынама тест жұмыстары алынып, талдау жүргізілді. Тест барысында ББЖМ оқушыларды дайындау бойынша психологиялық қызмет жұмысы жүргізілді.
Сонымен қатар, 19 желтоқсан күні пән мұғалімдерімен «ББЖМ дайындық кезінде оқушылардың оқу жетістіктерін арттыру бойынша жүйелік-іс-әрекеттік тәсілдің негізгі технологиялары» тақырыбында коучинг өтті.
Коучинг барысында пән мұғалімдері оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістерімен танысып, оң тәжірибелермен алмасты. Іс-шара қорытындысында мектеп әкімшілігі тарапынан ББЖМ бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді. https://www.facebook.com/100028944528255/videos/762051055763760/