19
ноябрь
2025
Біз таңдаған жолдар!
2025 жылғы 19 қараша күні мектептің 5 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру мақсатында "Біз таңдаған жолдар" атты кітап көрмесі өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: оқушыларға әртүрлі
мамандықтар туралы мағлұмат беру,еңбекке деген қызығушылығын арттыру және болашақта дұрыс мамандық таңдай білуге бағыт беру.
Көрмеге әртүрлі саладағы мамандықтарды сипаттайтын кітаптар мен көркем әдебиеттер,энциклопедиялар,анықтамалар қойылды.Оқушылар кітаптармен танысып, өздеріне қызықты мамандықтар туралы мәліметтер алды.
Іс-шара соңында оқушылармен сұхбат жүргізіліп, олардың болашақта қандай маман иесі болғысы келетіні талқыланды.
