Лауазымға тағайындау

Сейдалиев Ербол Есеналиевич 1998 жылы Абылайхан атындағы әлем тілдері университетінің түлегі. Мамандығы – шет тілі пәні мұғалімі. Алғашқы еңбек жолын 1998 жылы қыркүйек айынан №17 И.Трубицын атындағы орта мектебінде неміс тілі пәні мұғалімі болып бастаған. 2009 жылы Меркі ауданының №22 орта мектебінде әлеуметтік педагогы, 2011 жылдың наурыз айынына бастап директордың оқу –тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс атқарған. 2014 жылдың 24 қыркүйегінен Қ.Сарымолдаев атындағы №12 орта мектебінің директоры. 2017 жылы №22 жалпы орта мектебінің басшылық қызметін атқарып келді. 2024 жылдың 27 тамызынан Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры. Сейдалиев Ербол Есеналыұлы –басқару ісін жетік білетін, ұйымдастыру қабілеті жоғары іскер басшы.
Білім беру жүйесіндегі ҚР жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша курстарды аяқтаған.Білім беру саласына үлес қосқаны үшін Меркі аудандық әкімінің Құрмет грамотасымен, облыстық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамоталарымен әр жылда марапатталған.