Мектеп тарихы » СШ№18 им. А.Косанулы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3244264
Есепші бөлімі:
+7(726) 3244264
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп тарихы
06
декабрь
2023

Мектеп тарихы

Мектеп тарихы


           Қазақ даласындағы оқу – ағарту тарихының даму сатысы ғасырлар қойнауында жатыр. Орта ғасырлардың өзінде-ақ көптеген мектептер мен медреселер, білім беретін дала мектептері болды. Сол қазақ даласына алғаш білім нәрін сепкен, ең алғашқы қазақ мектебі Әулие ата жерінде Ұлы Жібек жолының бойындағы киелі көне Меркі өңірінде жалғасын тапты. Көненің көзіндей болған білім ошағының тарихи тамыры тереңде жатыр. 1930 жылы қазақ- өзбек мектебі болып ашылып,   3 қазақ, 3 өзбек қызы киіз үйде оқып білім алған, ол қыздар – Мархад, Бағула, Мансия өзбек қыздары, Әлиша, Айнаш, Марал қазақ қыздары. Бұл қыздарға татар молда мұғалім Рашид Нигматулин сабақ берген. Бұлар алғашында арабша оқып, кейін қазақша төте жазумен оқыған. Қазақ қыздары Марал молда болып, бес оқушыны оқытқан. Алиша мен Айнаш туралы мәліметтер белгісіз. Сол кездегі өзбек қыздың бірі Қарабалта үстіндегі Ақсу деген ауылға тұрмысқа шығып, мектеп ашқан. Кейінгі мәліметтер бойынша бұл өзбек қызы Бағула екен. Тарихқа көз жүгіртсек, 1930 жылғы қатын –қызлар мектебіне 1936 жылы Тұрар Рысқұлов атындағы мектепті әкеліп қосып, жеті жылдық мектеп болып ашылды. Киелі Қара шаңырақтың тарихы тереңде. Білім ошағына алғаш 6 оқушы қабылданып, 1946 жылы алғашқы түлектері қияға қанат қақты. Тарихы тереңге тартқан мектептің сонау отты жылдардағы мектеп директоры Жунусов Маусымбай болды. 

1946 жылғы мектеп директоры Зікірия Оспанбеков. Ұлы суреткер, заңғар жазушы М.Әуезовтің жары ұлы ұстаз Фатима Ғабитова еңбек жолында мыңдаған шәкірт тәрбиелеген ұлағатты ұстаз, аты аңызға айналған тұлға. Мектебіміздің тарихының тереңге тартып, киелі қара шаңырақ болуы Кеңестік басқару кезінде билік басындағы Хрущев пен Калининге хат жазып, әділдіктің тура жолын іздеген, өмірде өзіндік ізі бар Фатима Ғабитовадай ұлы ұстаздың еңбек етуінде. Қиын - қыстау кезеңде жас ұрпақ үшін рухани азық болар алыптардың еңбектерін аман алып қалған Ф. Ғабитова. 

1942-1947 жылдары киелі Меркі жерінде қызмет атқарып жүргенде осы өңірде дүниеге келген ұлы Мұрат Әуезов: "Менің туған жерім - Жамбыл об­лысының Меркі ауданы. Бұл - қасиетті мекен, есейген кезде өз туған же­рімнің қазақ елі, Орта Азияның тарихында орны ерекше екендігіне көзім жетті", –деп есіне алады. Осындай біртуар адамның біздің қара шаңырақ мектебімізде еңбек етіп, шәкірт тәрбиелеуі үлкен мақтаныш. Мер­­кіде жеті­ жыл­дық мек­теп­­те оқу ісінің мең­ге­ру­шісі болған темірдей төзімді, өжет жан Фатима Ғабитова, шәкірттерінің бойына ізгілік нұрын себе отырып, он жылдық мектептің ірге тасын қалауға өз үлесін қосты. 1946 жылғы алғашқы түлектеріміз Тоқтаған Мырзабаев, Мадина Зарипова, Сәруар Абрахманова, Аубәкірова Айніш, Таубаев Нәрезім, Тайжанов Кәжікен №1-ші түлектер дегенмен мұндалаған есімдерімен тарих беттерінен мәңгілік орын тепкен. Фатима Әуезовадай ұлы ұстаздан тәлім алған, Калинин атындағы орта мектептің 1-түлегі, "Қазақ халық ағарту ісінің үздігі" белгісінің иегері Әбдірахманова Сәруар жоғары білімді, физика-математика маманы. Өзі білім алған мектепте 34 жыл бойы физика пәнінен сабақ берген. 

 Киелі қара шаңырақтың алғашқы директоры Оспанбеков Зікірияның жұбайы Аубәкірова Айніш өзі білім алған мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек етті. 

Мектебіміздің алғашқы түлегі, мектептің алғашқы директорларының бірі және бірегейі Мырзабаев Тоқтахан Айдарбекұлы. Оның жұбайы Күлсінхан апамызда осы мектептің түлегі. 

Өмір белестерінің сол бір көкжиегіне көз жүгіртсек, сағынышпен еске алатын сағым жылдардағы мектеп тарихында өзіндік өрнектері бар мектеп басшылары: 

1. Жунусов Маусымбай-1942 - 1943 жылдарындағы №18 М.И.Калинин атындағы ортиа мектебінің алғашқы директоры. 

2. Оспанбеков Зікірия -мектептің 1946 жылғы директоры.

3. Қилы кезеңде білім саласын өркендетуге өзіндік үлесі бар мектеп басшысы - Хафизова Мубина. 1951 жылы облыстық білім бөлімінің бұйрығы бойынша Меркідегі №18 М.И. Калинин атындағы мектептің директоры қызметіне тағайындалады. Жалғыз қара шаңырақ мектеп- көп ұлтты ұжым болатын, сол кезеңдерде ұжымда орыс, қазақ, шешен, қарашай, азербайджан, тарихтың қилы кезеңіне байланысты жер аударылғандармен қатар тұрғылықты кадрлар қызмет етті. 

4. Кадышев Әбдірахым Әбдірахманұлы. 1941 – 1945 жж. – Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1948 жылдан зейнетке шыққанға дейін Меркі ауданының білім саласында еңбек етті. Калинин атындағы орта мектепте физика мен математика пәнінің мұғалімі, осы мектептің директоры қызметін атқарды. 

5. Мырзабай Тоқтахан Айдарбекұлы 1953 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін Меркі ауданында №18 М.И.Калинин атындағы мектепте директор, аудандық партия комитеттерінде үгіт – насихат бөлімінің меңгеруші қызметі, ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағының аудандық комитетінің төрағасы, аудандық мұрағаттың ұйымдастырушысы (бірінші директор) болып еңбек етті. 

6. 1955 - 1956 жылдағы мектеп басшысы Нарматов Сырғабай Зәкірұлы киелі қара шаңырақты күміс медальмен тәмәмдаған, мектептің 1949 жылғы түлегі. 

7. Қапан Мұхамеджанов 1965-1969 жылдар аралығындағы №18 М.И. Калинин атындағы орта мектебінің директоры, майдангер ұстаз. 

8. Жиентаев Оразбек 1968-1979 ж. Калинин қазақ орта мектебінде директор болып тағайындалды. Бұл мектепте       М.И. Калининнің туғанына 100 жылдығында мектептің көрсеткіші үшін 150 оқушы делегат болып, Москваға барып қайтты. 

9. Омаров Қашқынбай 1979-1995 жылдар аралығында №18 М.И.Калинин атындағы орта мектеп директоры болып қызмет атқарды. Омаров Қашқынбай аға буын мен кіші буын аралығында ұрпақ сабақтастығын жалғастырған білікті басшы, табаны күректей 20 жыл киелі қара шаңырақта басшылық етті. 

10. Боранқұлова Әсем Әділбайқызы 1995-2001 жылдар аралығындағы мектеп директоры. Ұйымдастыру қабілетіне, басқарып отырған саланың күрделі мәселелерін күн тәртібіне өткір қойып, шебер шеше білген мектеп басшысы. 

11. Жұматаев Мэлсхан Мамытұлы 2001-2011 жылдар аралығында мектеп басшысы болған. Киелі қара шаңырақта білім алып, қазақ деп соққан жүрегі, ұлттық намысты жоғары бағалап, шәкірттерінің бойына патриоттық сезімді ұялатқан ұлт жанашыры. Ол күй күмбірін бала жүрегіне жеткізген жаңалықтың жаршысы. «Бұлақ көрсең көзін аш» демекші, әр баланы жеке тұлға деп, баланың бойындағы ерекше қасиетті бағалаған басшы, Абай, Мұқағали, Махамбеттің отты жырларымен бала жүрегіне нұр сыйлады. 

12. Қылышбеков Бауыржан Сайлаубекұлы 2011-2015 жылдар аралығындағы мектеп директоры. Осы жылдары қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен «Әдебиет сабағында өлеңді оқыту» тақырыбында облыстық семинар, «Ауылдың гүлденгені-Қазақстанның гүлденгені» тақырыбында облыстық семинарлар өткізілсе, аудандық мұғалімдер арасындағы фестивальда 2-орынды, облыстық мұғалімдер арасындағы спартакиадада жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Ұлы Жеңістің  70 - жылдығына орай өткізілген оқушылар арасындағы облыстық байқауда Ағәділ Суханбаевтың ерлігінен көрініс көрсетіп, жүлделі 1 - орынды иеленді. 2012 жылы «Шұғыла» әдеби-танымдық басылымы жарық көрді. 

13. Қалқабаева Асипа Асанқызы 2016-2017 жылдар аралығында  мектеп директоры қызметін атқарды. Білікті ұстаз, білімді басшы, "Ы. Алтынсарин" төс белгісінің иегері, балаға саналы тәрбие мен сапалы білім беруде тыңғылықты еңбек атқарды.

14. Қазіргі таңдағы мектеп директоры Бектурганов Бауржан Тілешұлы Жаңа форматтағы, қажырлы еңбек пен үнемі ізденіс үстінде жүретін, өмірлік тәжірибесі мол, кең логикасымен, терең де тұжырымды ойларымен, талап пен тәртіпті қатар ұштастыра білетін білікті басшы. 





Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив