Ұлыстың ұлы күні » СШ№18 им. А.Косанулы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3244264
Есепші бөлімі:
+7(726) 3244264
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұлыстың ұлы күні
17
апрель
2017

Ұлыстың ұлы күні

Ұлыстың ұлы күні

 

Ұлыстың ұлы күні

 


         Ұлыстың ұлы күні  22 наурыз мерекесі қарсаңында №18 Ақкөз Қосанұлы атындағы   80 жылдық тарихы бар қара шаңырақ қазақ мектебінде ардагер ұстаз Мұстафина Мадина Ғарифқызының бастауымен    ұлтымызды ұлықтап, тарихи –рухани айғақтардың терең сырын шертетін  мерекелік  шара  ұйымдастырылып  өтті.

                  Тарихи-рухани айғақтарға көз жіберсек, түркі халықтарының қағандық заманында қағанның алтын үзікті ақ ордасында әрбір атар таңды күймен қарсы алу дәстүрі болғаны анық.  Дәлірек айтқанда, мұның өзі дәстүрден гөрі тәңірлік  наным-сенімнің бір рәсімі ретінде атқарылып отырған. Қаған ордасында тартылатын күйдің саны бір жыл ішіндегі күндердің санына сәйкес    366 болған екен. Мұны «Тәңірдің 366 тармақ күйі» деп атаған. Жыл басы көктемдегі күн мен түннің  теңесер күнінен ( наурыздың 22-23-і) басталып, бұл күнді  «Ұлыстың ұлы күні» деп, ұлан асыр тойға  айналдырған. Ұлыстың ұлы күнінде  бүкіл қағанаттың үміт-тілегін Тәңірге жеткізетін 366 күйдің ішінен ең асыл, ең ірі 9 күйі хан алдында күн сайын тартылып отырғаны белгілі.  Бұл туралы қазақ күйін зерттеген белгілі этнограф- ғалым  А. Сейдімбек «Күй шежіресі» еңбегінде түсінік беріп өткен. Мұнда ең бастысы, тәңірлік наным-сенімнен шыққан семантикалық негізі ортақ. Көкті (аспанды) Тәңір тұтқан қазақ ежелден-ақ уақыт пен кеңістік аясындағы өзгерістерді тәңірлік құбылыс ретінде қабылдаған. Сондықтан да күні бүгінге дейін қазақтар көктемдегі күн мен түннің  теңесер кезін жыл басы санап,  «Ұлыстың ұлы күні», яғни,  мұндай күнде қаған ордасында киелі 9 күйдің тартылуы Тәңірге деген мінәжаттың белгісі, жыл басын аман-есен көрген қуаныштың айғағы деп білген.                                                            

          Осындай тарихи-рухани айғақтарымызды бүгінгі жас ұрпаққа ұғындыру,  күй құдіретін жеткізетін көне дәуірден келе жатқан домбыра аспабы, күй өнері, оны танып білу, сезіну, құрмет тұтып бойға сіңіру ділі бүгінгі деңгейден кем болмағанын көрсету мақсатында «Қош келдің, әз Наурыз» тақырыбында ұлтымызды ұлықтайтын айтулы  мерекелік сазды шара өткізілді.  Ұлыстың ұлы күнінде  мектеп директоры Асипа Асанқызы кешті ашып, қатысушыларға қазақтың ұлы мерекесімен құттықтап, өнерлі оқушыларымызға ұлы дана бабаларымыздың  ақ жолын тіледі. Сондай-ақ, Мадина апайымыз тарихи шежіремен қатар оқушыларға  біздің заманымыздың V ғасырында жасалған тірі бейнесімен қолымызға түсіп отырған шертпе ұлт аспаптарының ең көнесі  және атасы- Домбыра туралы деректер айтып, домбырамен тартылған күйлерге тоқталды. Домбыра үніндегі дәстүрлі саз тілінің байлығы, оның болмысы ұлтымыздың жан дүниесімен біте қайнасып кеткендігі туралы айтып, домбыраның майда үні тек тылсым  сырлы күйі қазақ болмысының, қазақ рухының ұлттық тілі екендігіне мүмкіндік беретін қасиетті құрал деген тұжырымын жасады.   

       Кеш музыка пәнінің мұғалімдері Дүйсекова Күлдариға мен Қаратаев Ильдиярдың дайындаған концерттік бағдарламасымен ұласты.   Талантты оқушыларымыз  өнерлерімен інжу-маржан шашып, наурыз мерекесіне арнап ән айтып, үкілі домбырамен  Құрманғазының «Балбырауын», С.Тұрысбековтың «Көңіл толқыны», Ә.Желдібаевтың «Ерке сылқым»,  Н.Тілендиевтің «Ата толғауы» күйлерін нақышына келтіріп орындады.  Сондай-ақ, жігіттерден құралған квартет «Ассалаумағалейкум», Жанабіл Айжан «Наурыз», Мұрат Нұрай «Көктем келді»,  Салахова Ләззат «Наурыз айы» әндерін орындаса, 4-сынып оқушылары «Жауқазын», 1-сынып оқушылары «Кемпірқосақ»  билерін мың бұрала билеп, жақсылықтың нышанымен, күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына  жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып келген көктем бейнесін көз алдымызға елестетті.

Ұлыстың ұлы күні

 

Ұлыстың ұлы күні

 

Ұлыстың ұлы күні

 

 

       Ұжымда осындай халық сүйген мерекені бір кісідей қарсы алу үрдісі, жас ұрпақтың бойына ұлттық сананы  ұялатар сезім күші  бір серпіліс берді деп  ойлаймын.

     Қара шаңырақ білім ошағында әлі де рухани құндылығы мол, ынтымақ пен бірлікке жұмылдырар сан алуан  тәлім- тәрбие беретін  іс-шараларымыз  жалғасын табатынына сеніміміз мол.   

Джекебаева Клара

№18 Ақкөз Қосанұлы атындағы тірек мектебінің

(ро) қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

 Меркі ауданы

 

 

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

24 ноябрь 2022 Мектеп ұжымы
06 декабрь 2023 Мектеп тарихы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив