«Буккросинг - бірге кітап оқимыз» акциясы
Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін тірек мектебінің (ро) мектеп кітапханасында 2023-2024 оқу жылында Жамбыл облыстық оқу - әдістемелік орталығының «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру
«Буккросинг - бірге оқимыз: кітаптың айналыста жүруі» акциялары туралы
Анықтама
Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін тірек мектебінің (ро) мектеп кітапханасында 2023 - 2024 оқу жылында Жамбыл облыстық оқу - әдістемелік орталығының «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру аясында «Буккросинг - бірге кітап оқимыз» акциясы ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты: үйімізде жатқан немесе оқылған кітаптарға екінші өмір сыйлау, оқырмандар арасында кітап алмастыру акциясын жүргізу, әр түрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру, кітапханаға оқырмандарды тарту, күнделікті өмірдегі әр оқырманның кітап оқу әрекетін танымал етуге өз үлесін қосу. Акцияға түскен кітаптар «Буккросинг» акциясының сөресіне қойылды. Іс - шара барысында кітапханамызға 28 кітап сыйға тарту етілді.



