Тәуелсіздік бастауы –Желтоқсан » СШ№18 им. А.Косанулы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3244264
Есепші бөлімі:
+7(726) 3244264
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тәуелсіздік бастауы –Желтоқсан
22
декабрь
2021

Тәуелсіздік бастауы –Желтоқсан

Тәуелсіздік   бастауы –Желтоқсан

16 - желтоқсан – ата - бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымыздың   жаңа белеске  көтерген Тәуелсіздік күні.  «Өткенсіз бүгін жоқ» -демекші  тарихқа   көз жіберетін болсақ, Тәуелсіздік - сонау  1986 жылы 16 - 17 желтоқсан  күндері  алаңға шыққан жастардың  ерік - жігері, ең алдымен барша қазақстандықтардың  арман-мұратының салтанат  құруы. Осыдан 35 жыл бұрын саясат құйыны қазақ жастарын  үйіріп, талай   жас қыршынынан қиылып, талай тағдыр талқан болғаны мәлім. Желтоқсан оқиғасына  қанша   қазақ қатысқанын әлі күнге дейін нақты айта алмаймыз. Тарих парақтары ашылған сайын желтоқсан оқиғасына, яғни,   тарихи көтеріліске  қатысқандардың саны да еселеніп барады.  

         Осы орайда,  Ақкөз Қосанұлы атындағы  №18 жалпы орта білім беретін тірек мектебінде  желтоқсан оқиғасына  қатысып, ащы термен  келген тәтті жеңіс –Тәуелсіздікке қол жеткізген, кешегі дүниені дүр сілкіндірген   Желтоқсан оқиғасын өз көздерімен көріп,   қанды көтерілісті басынан өткізіп, бел ортасында  болған батыр ағаларымыз бен  ержүрек, қайсар апаларымызды арнайы шақырып,  кездесу өткізілді. Мектеп директоры Бауржан Тлешұлы   іс-шараға келген қонақтар мен қатысушыларды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, алтын әріппен тарих бетінде жазылған көтеріліс кейіпкерлеріне «кейінгі ұрпақ Сіздерің  батылдықтарыңыз бен өжеттіліктеріңізі мақтан тұтады»  деді.  Кездесуді жүргізген  Батырбекова Алия  арнайы шақырылған халық қаһармандарын, сол көтеріліске қатысып,  тарихымызға үлес қосқан  сол кездегі жасампаз жас  болған    қонақтарымызды таныстыру үшін   сөзге тартты.  Сөзге тартпас бұрын, тәуелсіздік мерекесін атап өтерде көз алдымызға   желтоқсан оқиғасы міндетті түрде   оралатынын айтып, арнайы бейнеролик көрсетілді. Сол бейнелер мен суреттерде қаншама  солдаттардың езгісі,  дойырларымен жандарын жарақаттаған, суық суды  жүздеріне аямай бүркіп жантүршігерлік көріністердегі жастарды көріп, жүректері бір тебіренбеген адам болмағаны баршаға аян. Осы  қанды оқиға күндері, бұл жерде қалай тап болып жүргендерін білу үшін,   келген қонақтар кезектесе сөзге тартылып, бастарынан өткендерін  ортаға салды.  Бұл шараға қатысқан қонақтарымыз, ауданымызың ардақты асыл азаматтары  Расилов Сапарғали Мырзақасымұлы, Базилов Нышан Алаудынұлы, Ахтанбердиева Гулмира Наурызбекқызы,  Жуанышева Гүльмира  Қуанышбайқызы, Егембердиева Алия, Жаналиева Ләйла  болды.  Қатысушы қаһармандарымыз  сол көтеріліс басталған шақта қайда, қандай көңіл-күйде болғандарын, сол мезеттен бастап тағдырларының қандай болғанын,  қуғын-сүргінге  ұшырып, тәуелсіздік алғаннан кейін ғана ақталып, әлі де жан-жарасы жазылмағандары туралы айтып, айыпсыз болып ақталғандарын да жасырмады. Жастарға  зорлық-зомбылық көрсетіп,  алаңда шаштарынан сүйреп, бастарын жарып, алаңның қанға боялғанын көзбен көру, оны бастан кешіру –бұл бір қасірет екенін тебірене айтып,  жүрек сыздатты.  Кездесу барысында, сол  азаттықты   аңсаған ел, қуанышқа жеткен жылы, қуанышты қуанышқа жалғап,  қаншама   сәби дүние есігін ашып, 30-ға толған   Тәуелсіздік құрдастары ортаға шығып, келген қонақтарға өздерінің жүрекжарды тілектері мен  өлең- жырларын арнады.   




      Осы кездесу арқылы елеусіз қалған бірнеше қаһармандарымызды танып,  есімдерін паш еттік. Еліміздің  Тәуелсіздік алудағы жанқиярлық ерліктері мәңгі ел есінде сақталып, әр баланың жүрегінде  патриоттық сезім ұялататынына  сеніміміз мол.  Ерлік елеусіз қалмаса, болмысымыз бұзылмайтыны анық.          









Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив