01
февраль
2022
Бүгінгі бала тәрбиесіндегі әжелердің рөлі қандай?
"Берекелді шаңырақ" қоғамдық кеңесінің жоспары аясында " Бүгінгі бала тәрбиесіндегі әжелердің рөлі қандай?" тақырыбында әжелермен кездесу өтілді. Ата мен әженің тәрбиесі ізгіліктің жарығындай бала жүрегін нұрландырып тұрады. Көпті көрген көнекөздің өмірден алған тәжірибесі мол. Бар жылы-жұмсағын тауысып, ыстық-суығын ажыратып, бойындағы бар жылуын өз жанының бөлшегіне бөліп беруге даяр ата мен әже – кемел келешекке ақыл үлестіруші кемеңгер. Бүгінде қазақ сол ғасырлар бойғы ұлы құндылықтан ажырап, бүгінде сәбиін "әлдилеп" тербететін, ән айтып еміренетін әжелер азайды, Бесік жырын білмейтін аналар көбейді. Атам қазақтың ұрпақ тәрбиесін жоғары қойғандығы соншалық, туған-туыс, бір рулы ел болып, қала берді бүкіл ауыл болып атсалысқан. Әсіресе, үйдегі көпті көрген қарт ата мен әженің тәрбиесі үлкен рөл атқарады. Бүгінде сол әжелеріміз бала тәрбиесіне қаншалықты деңгейде мән беруде? Міне осы орайда мектебімізде әжелердің қатысуымен 9-сынып қыздарының арасында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге .... Базаркүл әже, .... Сейдана әже, ....... Жеміскүл әжелер қатысты. Әжелеріміз қыздардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз ақыл-кеңестерімен бөлісті.


