16
апрель
2019
"Қызым саған айтамын" кездесу
Тақырыбы: «Қызым саған айтамын....»
Мақсаты: Қыз балалар бойында әдеп пен сыйластық, тазалық пен адамгершілік мәдениетін қалыптастыру, білімді де білікті қыз бала тәрбиелеу.
Отырыс ұстанымы: Түзу тәлімнің тетігі – сырласу.
Барысы: (жаймен әуен ойнап тұрады)
Қыз емес, қыздың аты - қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын.
Құрметті ата – аналар, ұстаздар, оқушылар, шақырылған кешіміздің қонақтары!
«Қызым саған айтамын...» тақырыбындағы кездесуге қош келдіңіздер!
Елбасымыз «Шығыс халқтарының арасында , жалпы мұсылман әйел затын бөлекше бағалайтын, қарындасты қатты қастерлейтін халықтың бірі де, бірегейі де – біздің қазақ», деген болатын.
«Ұлтыңды сақтаймын десең – қызыңды тәрбиеле, рухыңды сақтаймын десең – ұлыңды тәрбиеле» осы бір нақыл сөзде қаншама мағына бар десеңші.Ия, ертеде ата – бабаларымыз әлемдегі сұлулықтың көркем үлгісін ару қыздың тал бойынан көруді көксеген. Қазақ қауымында қыз баланың орны айрықша болған. «Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі келсін» деген оймен, қыз тәрбиесіне аса көңіл бөлген. Әр бір ата – ана қыздарын қанаттыға қақтырмай тұмсықтыға шоқтырмай өсіруді парыз деп санаған және қыздың ар ұятының сақшысы бәріне жауапты екенін ешуақытта есінен шығармаған. Қазақта «әкенің сөзі - оқ» деген жақсы сөз бар. Бүгінгі қызғалдақ қыздарымыз – ертеңгі ибалы да инабатты келін, болашақ ана, ақ жаулықты әже. Сондықтан иман мен ибалы жүзінен байқалатын қазақ қыздарына ата – бабаларымыз қырық үйден тыйым салып, көзінен таса қалдырмай, тәрбиесіне үлкен мән берген.
Осы жерде аналарымызға сұрақ.
Сіздердің кездеріңізде қазақ қыздары қандай еді? Аналарымыз өзінің жас кезіндегі кейпін қалай сипаттап берер екен. Ой – пікірлеріңізге үлкен рахмет.
Қазіргі қыздардың тәрбиесіне көңіліңіз тола ма? деген сауалға ауыл тұрғындарының берген жауабын экраннан бірге тамашаласақ.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда заман өзгерді ме, әлде адам өзгерді ме?
Мәдениеттің барлығы киімнен басталады десек, айдарымызды сәнге бұрсақ.
Слайд
Заманның сұранысы деп бір кездері шетелден сан түрлі сәндік киімдер жетсе, ішінде ұлтты азғыруға әрісі ұрпақсыз қалдыруға киім үлгілері келді. Белді жоқ шалбар,қысқа юбка, бір қарыс кофта.
қаратқаннан басқа қайран болмады.
Дүниедегі асыл атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралды емес пе?! Ал бүгінгі қыз ертеңгі сүйікті жар, аяулы ана екенін естен шығармағанымыз абзал. Осы өлең шумақтарының әр жолын жаныңда ұстағаның жөн, егер жақсы адам атанғың келсе, қызым:
Өнегелі өскен жанға елікте.
Мода қуып боянғаннан түк шықпас.
Ми болмаса, не тұр дейсің көрікте.
Арақ пенен темекіге жуыма,
Желікпеңдер ішкіліктің буына.
Жын ойнаққа үйір босаң опық жеп,
Алданарсың алаяқтың қуына.
Үйір болма мейрамхана, кафеге,
Сау басыңды ұшыратар қатерге.
Өмір бойы өкінішпен өтерсің,
Бір ұрынсаң түзелмейтін қатерге.
Көше кезіп жүрмеңдерші қаңғырып,
Естіледі қыз жүрген жер жаңғырып.
Отырысқа күндіз кеткен үйінен,
Келіп жүрме қисалақтаптаңға ұрып.
Өзің келіп жігіттерге ұрынба,
Елең етсең атың шығар қырымға.
Әзіл айтқан мас жастарға қадірің,
Жауап қатпа, есің болса бұрылма.
Еске алыңдар бұл өмірдің сабағын,
Жетілдіріп ой – өрісін сананың.
Дұрыс, теріс жағын ойлап білсін деп,
Барлық қыздар сабағына саламын.
Қонақтарымызға сұрақ
Қорытынды: Өз басым қазақ қыздарының ішкі жан дүниесінің сұлулығына, мәдениеттілігіне, әдептілігіне өзге жұрттар таңдай қағып қараса екен деп армандаймын. Бүгінгі кешімізде болашақ ұрпақ тәрбиесі, оның ішінде қыз балаға дұрыс, өнегелі тәрбие беру жөнінде көптеген пікірлер айтылды. Көрермендеріміз де бұл кешімізге куә болып, өз ойларын ортаға салды. Енді осы кешке қатысып отырған қонақтарымыз өз ойларын қорытындылау үшін таңдалған бір ғана сөзді байланыстыра отырып, пікірлерін қорытындыласа дейміз.
Сөздер: тәрбие, бақыт,сенім, ұлт, кітап, арман,байлық.

Кездесуді қорытындылай келе өз басым қазақ қыздарының ішкі жан дүниесінің сұлулығына, мәдениеттілігіне, әдептілігіне өзге жұрттар таңдай қағып қараса екен деп армандаймын. Бүгінгі кешімізде болашақ ұрпақ тәрбиесі, оның ішінде қыз балаға дұрыс, өнегелі тәрбие беру жөнінде көптеген пікірлер айтылды. Көрермендеріміз де бұл кешімізге куә болып, өз ойларын ортаға салды. Енді осы кешке қатысып отырған қонақтарымыз өз ойларын қорытындылау үшін таңдалған бір ғана сөзді байланыстыра отырып, пікірлерін қорытындыласа дейміз.
Тәрбие, бақыт,сенім, ұлт, кітап, арман,байлық. Сөзерімен қонақтар өз
сөздерін қорытындылады.
«Қыз Жібек» қыздар клубының жетекшісі Еңсебекова С.Қ

- Бұл дегенің біреулерге байлықтың астында қалуға мүмкіндік берген шығар, ал бізге ше?
қаратқаннан басқа қайран болмады.
- Жалаңаш денемен біз кімді таңқалдармақпыз?
- Ашық жеңсіз жейделер мен қысқа юбкалар қыздардың абыройын қалай сақтамақ.
Дүниедегі асыл атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралды емес пе?! Ал бүгінгі қыз ертеңгі сүйікті жар, аяулы ана екенін естен шығармағанымыз абзал. Осы өлең шумақтарының әр жолын жаныңда ұстағаның жөн, егер жақсы адам атанғың келсе, қызым:
- Ей, қыздар!
Өнегелі өскен жанға елікте.
Мода қуып боянғаннан түк шықпас.
Ми болмаса, не тұр дейсің көрікте.
Арақ пенен темекіге жуыма,
Желікпеңдер ішкіліктің буына.
Жын ойнаққа үйір босаң опық жеп,
Алданарсың алаяқтың қуына.
Үйір болма мейрамхана, кафеге,
Сау басыңды ұшыратар қатерге.
Өмір бойы өкінішпен өтерсің,
Бір ұрынсаң түзелмейтін қатерге.
Көше кезіп жүрмеңдерші қаңғырып,
Естіледі қыз жүрген жер жаңғырып.
Отырысқа күндіз кеткен үйінен,
Келіп жүрме қисалақтаптаңға ұрып.
Өзің келіп жігіттерге ұрынба,
Елең етсең атың шығар қырымға.
Әзіл айтқан мас жастарға қадірің,
Жауап қатпа, есің болса бұрылма.
Еске алыңдар бұл өмірдің сабағын,
Жетілдіріп ой – өрісін сананың.
Дұрыс, теріс жағын ойлап білсін деп,
Барлық қыздар сабағына саламын.
Қонақтарымызға сұрақ
- Әр ата – ана қызының иман жүзді болғанын қалайды, бірақ қазіргі заманда иманды жүзді қыз бала тәрбиелеуде қиындықтар бар, соны қалай жеңуге болады?
- Жасөспірімдер арасында жасанды түсік жасату өте көп. Жасанды түсік жасатудың алдын алу үшін ата – анаға қыздарға қандай кеңестер берер едіңіз? Түсік жасатудың адам денсаулығына тигізер кесірі қандай?
- Сіздер қазіргі таңда ауылымыздың үлгілі деген отбасыларының бірісіздер. Сұрақ: Өздеріңіздің қыз бала тәрбиелеудегі тәжірбиелеріңізбен бөліссеңіздер?
Қорытынды: Өз басым қазақ қыздарының ішкі жан дүниесінің сұлулығына, мәдениеттілігіне, әдептілігіне өзге жұрттар таңдай қағып қараса екен деп армандаймын. Бүгінгі кешімізде болашақ ұрпақ тәрбиесі, оның ішінде қыз балаға дұрыс, өнегелі тәрбие беру жөнінде көптеген пікірлер айтылды. Көрермендеріміз де бұл кешімізге куә болып, өз ойларын ортаға салды. Енді осы кешке қатысып отырған қонақтарымыз өз ойларын қорытындылау үшін таңдалған бір ғана сөзді байланыстыра отырып, пікірлерін қорытындыласа дейміз.
Сөздер: тәрбие, бақыт,сенім, ұлт, кітап, арман,байлық.
Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы білім беретін тірек мектебі (ро)
«Қызым саған айтамын....» тақырыбында өткізілген кездесу туралы
Анықтама
2018 – 2019 оқу жылы.
Мектебімізде ақпан айының 27 жұлдызында 7 сынып оқушылар арасында «Қыз Жібек» клубының жетекшісі Еңсебекова С. және әдістемелік бірлестік жетекшісі Оразбаева А. ұйымдастыруымен «Қызым саған айтамын..» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге ЖО жетекшісі Адешова Х., ДҚТЖО Қуанышева Ж., ДТЖО Батырбекова А., мектеп медбикесі Тулебаева Г. және ата – аналар қатысты. Кездесу барысында оқушылар қоғамдық ортада жүрген азаматтардан қыз бала тәрбиесіне қаттысты сұрақтар қойып бейнероликтер дайындаған. Сонымен қатар ата – аналарға, қонақтарға сұрақтар қойылды. Слайдтар көрсетілді, өлең шумақтарын мәнерлеп оқыды. 