ИДН есебі » СШ№18 им. А.Косанулы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3244264
Есепші бөлімі:
+7(726) 3244264
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
ноябрь
2018

ИДН есебі

Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы білім беретін тірек мектебі (ресурстық орталық)

Құқықбұзушылықтың алдын алуда мектеп инспекторының бірлескен жұмыстары туралы

Есеп

           2018-2019 оқу жылының басында құқық бұзушылықтың алдын алуға байланысты мектеппен бірлескен жұмыс жоспары жасалынып, бекітілді.Алғашқы күннен бастап мектептегітәртіп ережелері қадағаланды.

«Түнгі қаладағы балалар» атты рейдтік іс – шаралардың жоспары құрылып, бекітілді. Жоспарға сай төмендегідей іс – шаралар өткізілді.

Тұрақты түрде әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар, көңіл көтеретін мекемелер, компьютерлік ойын орталықтары және түнгі уақытта үлкендердің қарауынсыз жүрген оқушыларды анықтау мақсатында түнгі рейдтік бақылау жұмысы жүргізілді. Рейдке жауаптылар ДҚТЖО Джекебаева К.Б., дене шынықтыру мұғалімдері Сыдығалиев А., Абдухалилов Р., АӘД мұғалімі Кадиркулов Н. рейд жүргізу барысында мектеп оқушылары анықталған жоқ.

Сонымен қатар, мектепте «Түнгі қаладағы балалар» атты рейдтік іс – шарасын 11 «А» сынып жетекшісі ҚуандықбаеваА., дене шынықтыру пәні мұғалімі Манапов М., Ауелбеков Е., Сымтыков А., әлеуметтік педагог Айылшиева С., психолог Умирбаева Т. мөлтек ауданында бірлесіп белсенді түнгі рейд өткізді. Рейд тыныш өтті, құқық бұзушылық орын алған жоқ.

Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу мақсатында 5 – 8 сынып арасында «Бала құқығы – асыл қазына» тақырыбында кездесу, 9 – 11 сынып оқушылары арасында«Жастардың құқықтық сауттылығы – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Мектепте демалыс және мереке күндеріне байланысты қоғамдық жерлерде кезекшілік жұмыстары ұйымдастырылып, құрылды.

«Түнгі қаладағы балалар» атты рейддік іс – шаралартұрақты түрде жүргізіліп тұрады. Рейдте құқық бұзушылық орын алған жоқ.

13 қыркүйектемектепішілік жалпы ата-аналар жиналысына қатысып, ата-аналарғабалалардың тәрбиесіне отбасының әсері мол екендігі айтылып, кеңестер берілді.

14.09.2018 жылы кәмелет жасына толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, аса ауыр қылмыстар және оның алдын алу мақсатында7-11 сынып ұлдарымен жиналыс өткізілді. Жиналыста қылмыстық жауапкершілікке қылмысты жасау кезінде жасы 16 – ға толмаған азаматтар тартылатындығы белгілі. Алайда, адам өлтіргені, қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру, ауырлататын мән – жайларды денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру, зорлық, адамды ұрлау, ұрлық, тонау, қарақшылық, қорқытып алу, көлікті айдап кету, терроризм, адамды кепілге алу, қаруды ұрлау немесе қорқытып алу, оқ – дәрі, жарылғыш заттар мен басқа да құрылғылар, ауырлатылған мән – жайларда бұзақылық жағдайға келтіргені үшін тұлғалар 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы мәліметтер айтылды.

Жайсыз отбасынан келетін оқушылармен де тыңғылықты жұмыстар жүргізілуде. 2017-2018 оқу жылында жайсы екі отбасы есепте тұрған. Олар: Мамилиев Ерлан жәнеБешкемпирова Нұржан. Екі отбасынан 7 бала есепке алынған. Аталған отбасыларына үнемі бақылау,алынып, қадағаланып отырды. БешкемпировҚуаныш қылмыстық әрекетіне байланыстытамыз айында Тараз қаласындағы №2 арнайы түзету мектебіне жіберілді.

Тамыз айындаСмағұлов көшесінің 26 үйде тұратынМажраев Мұрат жайсыз отбасы есебіне алынса, қыркүйек айында Мамилиев Ерлан жақсы әрекетерменқұқықтық кеңес отырысында қаралып жайсы отбасы есебінен шығарылды.Мамилиев Ерлан жыл бойы бақылауға алынып, Мамилиевтіңөзгеруіне байланысты есептен шығарылды. Әлі де болса сынып жетекшілер отбасынан келетін оқушыларға қадағалау жасап отырады.

Мектеппен тығыз байланыс орнатылған. Сабақтан кешіккен оқушылармен түсіндірме жұмыстары жүргізіуде.

Мектеп инспекторы АІІБ ЖПҚ ЮПТ инспекторы

полицияаға лейтенанты

Оспанбеков Ерболат Ашимбекович

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив