“ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ 16 күн” белсенділік акциясы жалғасын табуда ...
Мақсаты: тұрмыстағы зорлық-зомбылықты болдырмау, ата-ана мен бала арасындағы кейбір қателіктердің алдын алу, отбасындағы әйелдің, ананың рөлін нығайту, отбасылық құндылықтарды жасұрпақ бойына сіңіру арқылы тәрбиелі ұрпақ қалыптастыру. Зорлық-зомбылыққа жол берген жағдайда заң шеңберінде жауапқа тартылатыны туралы хабардар ету
Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу.