01
сентябрь
2024
Ағылшын тілі пәні мен орыс тілі пәні әдістемелік бірлестігінің бірінші отырысы
Ақкөз Қосанұлы атындағы #18 жалпы орта білім беретін тірек мектебінде ағылшын тілі пәні мен орыс тілі пәні әдістемелік бірлестігінің бірінші отырысы өткізілді. Бірлестік жетекшілері С. Мырзагулова және Кужабекова М. өткен оқу жылында жеткен жетістіктерді атап, жаңа оқу жылына міндеттер қойды. "2024 -2025 оқу жылында ҚР-ның жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы" әдістемелік нұсқау хатпен таныстырып , жаңа оқу жылының жаңалықтары мен ерекшеліктеріне тоқталды:
- тілдерді шет тілінде кезең кезеңмен оқыту шеңберінде 3 сыныптан бастап аптасына 2 сағат көлемінде шетел тілі пәні енгізілетінін;
- орыс тілі пәніне 3 сынып оқушыларына жаңа кітап берілгенін;
Сонымен қатар оқу тәрбие процесін ұйымдастыуда басшылыққа алынатын нормативтік құжаттарды атап, білім беруде жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдануға баса назар аударды. Әдістемелік бірлестіктің жылдық жоспары және мұғалімдердің күнтізбелік тақырыптық жоспарлары қаралып, бекітуге ұсынылды.
https://www.facebook.com/100028944528255/videos/1188405342278883/