2024-2025 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хатпен ұжымға таныстыру.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары 2024-2025 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу - тәрбие процесінің ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хатпен таныстырды,жаңа оқу жылындағы ерекшеліктерге тоқталды. Өз сөзінде оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда - 33 оқу аптасын, 2-11 (12) сыныптарда 34 оқу аптасын құрайды
2024 жылғы 2-қыркүйек алғашқы оқу күні, оқудың аяқталуы - 2025 жылғы 23 мамыр.
Тілдерді кезең-кезеңмен оқыту шеңберінде 3- сыныпта «Шетел тілі» пәнін оқыту енгізіледі «Көркем еңбек» пәнін кезең-кезеңмен «Бейнелеу өнері» және «Еңбекке баулу» пәндеріне бөліп оқыту 3-сыныпта жалғасады, 4-сыныпта «Көркем еңбек» пәні оқытылады және «ДосболLIKE» бағдарламасын және «Менің бауырым» волонтерлік жобасын
іске асыру шеңберінде мектепте салауатты және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру бойынша жұмыстар жалғасатындығына және 2024 жылдан бастап «Цифрлық ұстаз» жобасын іске асыру шеңберінде тұрмысы төмен отбасылардан шыққан білім алушылармен жұмыс белсендірілетіндігіне, 2024 жылдан бастап педагогтерді аттестаттаудың жаңа форматы енгізілетініне,мектептердің ата-аналар қауымдастығымен өзара іс-қимылы бойынша жұмыстар күшейтілетіндігін, оқыту мен бағалауда жасанды интеллектіні қолдану аясы кеңейтіледі және «Жер елшілері» креативті жастардың бүкіл қазақстандық экологиялық қозғалысы» жобасы шеңберінде білім алушыларға экологиялық білім беру жүзеге асырылатындығын атап айтты.

