2024 жылдың 5 қыркүйегінде Ақкөз Қосанұлы атындағы #18 жалпы орта білім беретін мектепте Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Ана тілі-жүрек үні " атты онкүндіктің ашылу салтанаты өткізілді.

5 қыркүйек Қазақ халқы тілдері күні мерекесі. 1998 жылдың 20 қаңтарынан бастап 22 қыркүйекте атап өтілетін мереке, ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, 5 қыркүйек, яғни Ахмет Байтұрсынұлының туған күні – Қазақстан халқы тілдері күні болып бекітілген еді. Атаулы датаның өзгеру себебінің өзіндік сыры бар еді - «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» екендігін айтып, ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халықының азат тағдыры мен тілі үшін күрескен халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, Алаш арысы, ағартушы, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, қазақтың ақыны, публицист, педагог, аудармашы – Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты. Бүгінгі таңда бүкіл қазақстандықтар қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тіл мерекесін тойлауда.

Ашылу салтанатында мектеп директоры Е.Е.Сейдалиев ұстаздар мен оқушыларды атаулы мерекемен құттықтап, алда өтетін онкүндікте белсенді болуға шақырды.

Оқушылар патриоттық сарында ән айтып, тіл туралы өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Ғасырлар көшінің елге қалдырған ең ұлы аманаты – тіліміздің мерейін асқақтату жолында аянбай еңбек ету әр адамның парызы
https://www.facebook.com/100028944528255/videos/493485080238989/