Мерекелік кеш
ҰСТАЗЫМА, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС! Ақкөз Қосанұлы атындағы #18 жалпы орта білім беретін мектебінде 1 қазан – Қарттар күніне және ұстаздар мерекесіне орай «Ұстазым, саған мың алғыс!» тақырыбында ардагер ұстаздарға арналған мерекелік кеш өтті. Кеш шымылдығын ашқан мектеп директоры Сейдалиев Ербол Есеналыұлы ардагер ұстаздарға ақжарма тілегін жеткізіп, қонақтарды атаулы күнмен құттықтады. Саналы ғұмырын білім беру саласына арнаған ардагер ұстаздар құрмет төрінен орын алып, ұжымның сый-сияпатына