20
апрель
2022
«Үздік педагог-2022» мектепішілік байқауы
Педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар шығармашыл педагогтерді анықтау мақсатында Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін тірек мектебінде (ресурстық орталық) «Үздік педагог-2022» мектепішілік байқауы өтті. Байқауға 9 педагог қатысты. Байқаудың ережелері бойынша қатысушы педагогтар «Педагог қандай болуы керек?» тақырыбында эссе жазды , «Менің жүрегімнің мектебі» тақырыбында бейнеролик жасады, оқушылармен бейнесабақтар түсірді, Шығармашылық жұмыстарын қорғады (электронды портфолио), «Менің инновациялық жобам» (білімділік немесе әлеуметтік жобасын қорғау) қорғап байқаудың кезеңдерінен өтті. Қатысушы педагогтарды байқаудың әр кезеңінің бағалау критерийлері бойынша әділ қазылар бағалап, қорытындысын шығарды. Байқаудың қорытындысы бойынша қазақ тілі пәні мұғалімі Джекебаева Клара, бастауыш сынып мұғалімі Күздеубаева Индира, тарих пәні мұғалімі Илипова Лаззат ІІІ орынды , орыс тілі пәні мұғалімі Суимбаева Айман, қосымша білім беру педагогы Умирзакова Гулжана ІІ орынды иеленсе, бағалау крийтериі бойынша ең жоғарғы балл жинаған информатика пәні мұғалімі Сырғабаева Динара І орынды иеленіп, байқаудың ІІ кезеңіне (аудандық) жолдама алды.








