«Білім беру ұйымдарының мәдени мекемелермен әлеуметтік серіктестігі» тақырыбында жергілікті жазушы, ақындардың қатысуымен шығармашылық кездесу » СШ№18 им. А.Косанулы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3244264
Есепші бөлімі:
+7(726) 3244264
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Білім беру ұйымдарының мәдени мекемелермен әлеуметтік серіктестігі» тақырыбында жергілікті жазушы, ақындардың қатысуымен шығармашылық кездесу
01
апрель
2022

«Білім беру ұйымдарының мәдени мекемелермен әлеуметтік серіктестігі» тақырыбында жергілікті жазушы, ақындардың қатысуымен шығармашылық кездесу

Ақкөз Қосанұлы атындағы  №18 жалпы орта білім беретін тірек мектебі (ресурстық орталық)

«Білім беру ұйымдарының  мәдени мекемелермен әлеуметтік серіктестігі» тақырыбында   жергілікті жазушы, ақындардың   қатысуымен шығармашылық кездесудің өтілуі туралы                              

Анықтама

2021-2022 оқу жылы

Мектептің акт залында   жоспарға сай «Білім беру ұйымдарының мәдени мекемелермен әлеуметтік серіктестігі» тақырыбы аясында   жергілікті  мәдени қызметкерлер жазушы, ақын Т.Жамбабаев және Ш. Мамасеріковамен  арнайы үлкен шығармашыл кездесу өтті. Кездесудің өтілуіне байланысты арнайы көрме ұйымдастырылып қойылды. Кездесуге мектеп ұстаздары мен оқушылар қатысты. Кешті қазақ тілі пәні мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Батырбекова Алия жүргізіп, шығармашыл қонақтардың дара жолдарынан мәліметтер алуға байланысты арнайы сауалдар  қойды. Кездесудің негізгі мақсаты: шығармашыл тұлғалардың   бойындағы даналық асыл қасиеттерін оқушы бойына дарыту. Туған елімен Отанына деген сүйіспеншілікті арттыру. Кездесу барысында, кіріспе сөзді мектеп директоры Б.Тлешұлы  алып, қонақтарға  ізгі тілегін білдірді. Кейінгі жас ұрпақ Сіздердің салған дара жолдарыңызды мәңгі есте сақтап, еңбек жолдарыңыздан рухани байлық алатын тұлғалар болатынына сенім білдірді. 

Кездесу барысында   ақын-жазушылардың өміржолы туралы бейнеролик көрсетіліп, мектеп оқушылары ақын өлеңдерінен үзінділер оқыды. Қонақтар өміржолдары, еңбектері, қызметтері, жетістіктері туралы   айтып,   берілген сауалдарға жауап берді. Ақын Ш.Мамасерікова  өз өлеңдерін оқып, өлеңнің жазылудағы мақсатын, кімге арнағанын баяндап, сырын шертті.  Кездесу өте тартымды, құндылығы мол, көрермендердің мәңгі есінде сақталатындай дәрежеде өтіп, үлкен алғысқа бөленді. Осындай тәрбиелік маңызы зор кездесулер әлі де   жалғасын табары сөзсіз.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив