« БЖБ және ТЖБ бойынша жиынтық бағалауда TIMSS,PISA тапсырмаларын дайындау тәсілдері» тақырыбында өтілген оқыту семинары
« БЖБ және ТЖБ бойынша жиынтық бағалауда TIMSS,PISA тапсырмаларын дайындау тәсілдері» тақырыбында өтілген оқыту семинары туралы
Анықтама
« БЖБ және ТЖб бойынша жиынтық бағалау TIMSS,PISA тапсырмаларын дайындау тәсілдері» тақырыбында оқыту семинары өткізілді. Семинардың мақсаты: « ТЖБ және БЖБ бойынша жиынтық бағалау TIMSS,PISA тапсырмаларын дайындауда мұғалімдермен іс-тәжірибе алмасу». Семинарды оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың жалпы бағдары туралы айтылды. . Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің алған білімінің түпкі нәтижесі құзіреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігін арттырып отыру, осыған орай алған білімдері негізінде әрекет етуге қабілеттілік пен даярлықты білдіретін қалыптасқан құзыреттіліктерді анықтауда халықаралық зерттеу тапсырмаларының маңызы зор.Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімделу мәселелері тұр, өйткені адам қоғамда түрлі өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешімдер қабылдау үшін жоғары кәсіптілік және интеллектуалдық әрекеттерді қажет ететін жағдайларда заман талабына сай өмір сүруге, қызмет етуге дайындауда PISA, TIMSS халықаралық зерттеулеріне дайындау жұмыстарының алатын орны зор.Оқыту семинарынды арнайы курстан өтіп келген биология және физика пәндері мұғалімдері Ермекбаева Ұ мен Үйсінбаева Л жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыруда TIMSS,PISA тапсырмаларын дайындау туралы өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. TIMSS халықаралық зерттеулерiне тапсырмаларды дайындауға нұсқау түрлерімен таныстырды. Оқушыларды оқу сауаттылықтары мен математикалық сауаттылықтарын дамытатын тапсырмаларды күнделікті сабақта және жиынтық бағалауда қолдану тәсілдері туралы бөлісті. Семинар соңында мұғалімдер кері байланыс беріп, сұрақтарын қойды.