«Іскерлік. Шеберлік.Инновация» тақырыбында ашық есік күні
Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін тірек мектебі (ро) коммуналдық мемлекеттік мекемесі базасында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері үшін «Іскерлік. Шеберлік.Инновация» тақырыбында ашық есік күні ұйымдастырылды.
Мақсаты: Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, оқу мақсатына сәйкес тапсырмаларды құрастыру және оның тиімділігін арттыру бойынша іс-тәжірибемен бөлісу.
Оқу мақсаттарына сәйкес тапсырмаларды тиімді құрастыру жолдарын тың игеруді көздейтін семинарға 35- тен аса қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты. Семинарда оқу мақсаттарына жетудің тиімді жолдары қандай? Бүгінгі күнде сіздер нәтижеге жету үшін мақсатты қалай дұрыс қою керектігін сабақ барысында қалай қолданасыздар деген сауалдар төңірегінде сабақтар көрсетілді.
Аталмыш іс-шарада Рахметилдаева Жазира Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» романы бойынша, Мырзаханова Нұргүл Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға», Джекебаева Клара «Мың алғыс саған, қазақ халқы!, Билибаева Венера «Ақыл-ой спорты» тақырыбында ашық сабақтар өтіп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Оқу мақсаттарына сәйкес тапсырмаларды тиімді құрастыру жолдары тақырыбында Рахметилдаева Жазира мен Билібаева Венера шеберлік сағатын көрсетті.
Семинар жұмысын аудандық білім бөлімінің әдіскері Досмухамбетова Зульфия Мэлсқызы қорытындылай келе, семинардың жоғары деңгейде өткендігін және семинарға қатысушылардың өз қоржындарын оқу мақсатына жетудегі түрлі әдістермен толтырғандығын айтты. Мектеп ұстаздарына шығармашылық табыс тіледі.














