Ағылшын тілі пәні әдістемелік бірлестігінің айлығы » СШ№18 им. А.Косанулы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3244264
Есепші бөлімі:
+7(726) 3244264
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ағылшын тілі пәні әдістемелік бірлестігінің айлығы
25
ноябрь
2022

Ағылшын тілі пәні әдістемелік бірлестігінің айлығы

Ағылшын тілі пәні әдістемелік  бірлестігінің айлығы 

Айлықтың өткізілу мерзімі: 03 – 28.10.2022 ж.

Тақырыбы: «Different language is a different vision of life» 

Мақсат: оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен тілін дамыту, ағылшын тілі пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, өз тілін құрметтей отырып,  шет тілін үйрету, оқушыларды ағылшын тілінде еркін сөйлеуге дағдыландыру.

Міндеттері: 

  • өз деңгейінде орындай алатын тапсырмаларды беру арқылы оқушыларды апталықтың басты кейіпкеріне айналдыру. 
  • Іс-шаралар өткізу барысында оқушылардың оқу тілдік және ауызекі сөйлеу қабілеттерінің арттыру көзделеді. 
  • Оқушылардың зияткерлік және тілдік белсенділігін ынталандыру. 

    Күтілетін нәтиже:  оқушылар шығармашылық қабілеттерін сабақтан тыс іс-шараларда жоғары дәрежеде көрсетеді, ашық сабақтарда белсенді қатысады, саханалық қойылымдарда  ағылшын тілінде еркін сөйлей алады.

Қазан айының 3.10-28.10  аралығында ағылшын тілі пән бірлестігінің айлығы жоспарланды. Жоспар бойынша 4- қазанда пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ағылшын  тілін құрметтеуге үйрету, оқушыларды ағылшын тілінде еркін сөйлеуге дағдылау, сөздік қорын молайту мақсатында  айлықтың ашылу кеші болды. Кеште 3,5,6,7,8 сынып оқушылары ағылшын тілінде тақпақтар, өлеңдер оқыды. 3 сынып оқушылары  ағылшын тілінде ән айтып би биледі. 6-8 сынып оқушылары ән айтып, домбырада күй тартты. Көрерменге викториналық  сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген оқушыларға сыйлықтар таратылды. Кеш соңында мектеп директоры Бектурганов Бауыржан Тілешұлы айлықтың ашылуымен құттықтап, сөз сөйледі және оқушыларды  айлық аясында болатын іс-шараларға белсенді болуға шақырды.



Қазан айының 12 күні Ахтанбердиева Гульмира 9 «Ә» сыныбымен «Past modals» тақырыбында ашық сабақ өтті. Бетай Назерке   10 «А» сыныбымен «Safety Prediction and prevention»  тақырыбында ашық сабақ өтті.    Ашық сабақта мұғалімдер жаңа технологияларды және тиімді әдіс -тәсілдерді   қолданды.



Қазан айының 13 күні Ахметова Лазиза 4 «Ә» сыныбымен «People and places» тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабақта мұғалімнің сабақ   жоспарына сай жаңа технология және тиімді әдіс тәсілдер, саралау тапсырмаларын қолданды.



Қазан айының 14 күні Есеналиева Еңлік 5 «А» сыныбымен «Nationalities » тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабақта мұғалім жаңа технология және тиімді әдіс тәсілдер, саралау тапсырмаларын қолданды.



Ашық сабақтар шеруі апталығы аяқталған соң қазан айының 11-21 жұлдызы аралығында сыныптан тыс-іс шаралар шеруі болып өтті. Сыныптан тыс-іс шаралар шеруінде ағылшын тілі пәні мұғалімдері төменде берілген  тақырыптарға сыныптан тыс-шаралар өткізді :

  1. Quiz game
  2. Who is the best?
  3. The little stars
  4. Enjoy English
  5. Who is the fast and who is the smart?

Қазан айының 17 күні  5 сынып оқушыларымен  «Quiz game» интеллектуалды ойын, жарыс түрінде  болып өтті. 



18.10.2022  жылы «Who is the best»  тақырыбында сыныптан тыс іс-шарасы өтілді.  Мұғалім презентация көмегімен ойын түрінде өтті. Мақсаты: оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылығын арттыру; оқушылардың сөздік қорын молайту;  лексико-грамматикалық білімдерін дамыту;

Ойын кезеңі 5 кезеңнен тұрды. Әр кезеңінде әртүрлі бағытта сұрақтар болды. Оқушылар сұрақтарға дұрыс әрі жылдам жауап беруі қажет болды. Бұл жақтағы сұрақтар сабақта өтілген тақырыптар бойынша және оқушылардың қызығушылығын сұрақтар болды. Оқушылар ойын кезеңінде атсалысып, жылдам жауап беруге тырысты. Оқушыларды 3 тілді бірдей алып жүруі үшін бір кезеңі 3 тілділікке бағытталды. Сыныптан тыс іс –шарада оқушылар жан жақты ойланып , ағылшын тіліне қызығушылықтары оянды. Іс-шараға қатысқан оқушыларға сыйлықтар берілді. 



19.10.2022  жылы “The little stars»  тақырыбында    сыныптан тыс іс-шара өтілді. Мақсаты: оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылықтарын арттыру; оқушылардың сөздік қорын молайту; 

Іс -шара музыкалық концерт түрінде өтті. Іс-шараға 2,3,4,5,6 сынып оқушылар  қатысты. Оқушылар тақпақтар айтты, ән айтып, би биледі.



   20 – қазан күні  9-сынып оқушылары арасында ағылшын тілі пәні мұғалімдері Бекмуратова К.Б. мен Смагулова К.   ұйымдастыруымен «Enjoy English» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өтті. Іс-шара   жарыс сабағы түрінде  өтті. Мақсаты: Оқушылардың ағылшын пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, оқушылардың сөздік қорын молайту, ойлау қабілетін дамыту және лексико-граммитикалық білімдерін жетілдіру. Жарыс сабағы барысында оқушылар екі топқа бөлініп, төрт айналым бойынша Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия мемлекеттерінің географиялық жағдайын, тарихи жағдайын және атақты ақын жазушылардың шығармалары бойынша өздерінің білімдерін көрсете білді. Сабақтың соңында екі топ басшыларына сұрақтар қойылып жеңімпаздар анықталды. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізе білді. Жарыс сабақ өз дәрежесінде өткізілді.




                 21.10.2022 жылы «Who is the fast and who is the best»  тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өтілді.  Іс-шара интелектуалды       сайыс  түрінде өтті. Мақсаты: Оқушылардың ағылшын, қазақ және орыс тілдеріндегі білімдерін ойындар, түрлі тапсырмаларды орындау                 арқылы тексеру;Оқушылардың оқу, сөйлеу және ойлау қабілеттерін дамыту және олардың сөздік қорын кеңейту;

           Оқушыларыңызды ағылшын тіліне қызығушылығын ояту және мұқият және ізденімпаз болуға үйрету.

          Ойын кезеңі 4 кезеңнен тұрды. Әр кезеңінде әртүрлі бағытта сұрақтар болды. Оқушылар сұрақтарға дұрыс әрі жылдам жауап беруі             қажет болды. Бірінші кезеңіндегі  оқушылар екіге бөлініп топты таныстырды.Екінші кезеңі"Ойлан және тап". Бұл кезде  оқушыларға             әріп беріледі, ал басқалары осы әріптен  басталатын сұраққа жауап беруі қажет болды. Оқушылар ойын кезеңінде атсалысып ,                   жылдам жауап беруге тырысты. Оқушыларды 3 тілді бірдей алып жүруі үшін екіншң кезеңі оқушылардың жан-жақты ойлануына                 бағытталды. Яғни, бұл кезеңде оқушылар жылдам әрі дұрыс жауап берулері қажет болды. 3 кезең "Сен білесің бе?"оқушылар                 жұмбақтың , жауабын тауып оны ағылшын, орыс және қазақ тілдерінде жазуы керек болды. 4 кезеңінде оқушыларға әртүрлі          тақырыпта сұрақтар берілді. Ол сұрақтар әлемтану, қазақ тілі , орыс тілі пәндері, жан жақты қызықты сұрақтар қойылды. Сыныптан тыс іс –шарада оқушылар жан жақты ойланып ,ізденімпаздыққа үйренді. Оқушылар барынша атсалысып қатысып, ойлана ойтырып өз ойларын еркін жеткізіп отырды.



Қазан айының 28 күні  ағылшын тілі пән бірлестігі айлығының жабылу кеші болды. Айлықтың жабылу кешінде оқушылар ағылшын тілінде өлеңдер оқыды, ән  айтты және ағылшын тілін өз дәрежесінде білетінін көрсетті. Осы кеште ағылшын тілі айлығының аясында болған іс-шаралараға белсене   қатысқан оқушыларға мадақтама берілді. 


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив