Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 31 жыл және Желтоқсан оқиғасына 36 жыл толуына орай оқиға куәгерлерімен кездесу » СШ№18 им. А.Косанулы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3244264
Есепші бөлімі:
+7(726) 3244264
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 31 жыл және Желтоқсан оқиғасына 36 жыл толуына орай оқиға куәгерлерімен кездесу
23
декабрь
2022

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 31 жыл және Желтоқсан оқиғасына 36 жыл толуына орай оқиға куәгерлерімен кездесу

              Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін тірек мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 31 жыл және Желтоқсан оқиғасына 36 жыл толуына орай оқиға куәгерлерімен кездесу өтті. Кездесу кешін мектеп директоры Бектурганов Бауыржан Тлешулы ашып, қонақтарға жылы лебізін білдірді.Іс-шараға желтоқсан көтерілісін көзбен көрген, куәгер болған қонақтарымыз қатысты.Атап айтсақ,Жамбыл облысы «Желтоқсан-86» қоғамдық бірлестігінің Меркі филиалының төрайымы Жуанышева Эльмира Қуанышбайқызы, «Желтоқсан-86» қоғамдық бірлестігінің мүшесі-Жаналиева Ләйлә апай,Әбдрешова Манат апкей қонақта болды. Кездесу барысында Тәуелсіздікке жету жолында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының ерекше маңызы және ел тәуелсіздігін алуға деген бетбұрыстың жасалуына тигізген ықпалы жайында сөз болды. Сондықтан да Желтоқсан оқиғасы Қазақстанның Тәуелсіздікке жасаған алғашқы қадамы, тәуелсіздіктің бастауы ретінде бағаланады.Бүгінгі кездесудің мақсаты сол кезеңдегі елге деген патриоттық рухы биік болған жастарды бүгінгі өскелең ұрпаққа таныстыру, насихаттау бағытында ұйымдастырылды.Кездесу мектебіміздің дарынды да талантты білім алушыларының арнайы дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.Кездесуді қорытындылау мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Батырбекова Алия Абубакировна келген қонақтарға алғыстарын айтып, сый-сияпат тарту етті. Жамбыл облысы «Желтоқсан-86» қоғамдық бірлестігінің Меркі филиалының төрайымы Жуанышева Эльмира Қуанышбайқызы Жамбыл облыстық Желтоқсан-86 қоғамдық бірлестігінің төрағасы М.Бердалиевтің алғыс хатымен мектеп директоры Бектурғанов Бауыржан  Тлешұлын, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Батырбекова Алия Абубакировнаға және  ұйымдастырушылар Қуандықбаева А, Мырзаханова Н,Шаймерденова Ақмаралды Алғыс хатпен марапаттады.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив