27
август
2025
Педагогикалық кеңес №1
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ!
Ақкөз Қосанұлы атындағы #18 жалпы орта білім беретін мектебінде 2025 жылғы 27 тамыз күні "Білім беру ұйымдарының 2025–2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары" тақырыбында педагогикалық кеңес өтті.

Кеңес барысында жаңа оқу жылының негізгі бағыттары, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру ерекшеліктері, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы, жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне енгізу, педагогтердің кәсіби дамуы сияқты маңызды мәселелер талқыланды.

Күн тәртібінде



Кеңес барысында маңызды ұсыныстар айтылып, білім сапасын арттыруға бағытталған нақты шаралар талқыланды. 







