«Оқырман ана» фестивалі
Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін тірек мектебі (ресурстық орталық)
«Оқырман ана» фестивалінің өтілуі туралы
Анықтама
Мектебімізде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында бірыңғай оқырман қауымдастығын қалыптастыру бойынша ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру мақсатында «Оқырман ана» тақырыбында фестиваль өткізілді.Фестивальдың мақсаты оқушылармен ата-аналарды кітап оқуға тарту. Ата-аналармен мектеп кітапханасының тығыз байланыста болып ынтымақтастық құруы өскелең ұрпақтың өте сауатты болуына үлкен септігін тигізері сөзсіз.
Фестивальға 5-11- сынып оқушыларының аналары қатысты. Фестивальда аналар өздері оқыған кітаптар бойынша таныстырылым жасап, сұрақтарға жауап берді, өздері оқыған кітаптарды жас оқырмандарға насихаттады.Фестиваль қорытындысы жасалынып, кітап оқыған оқырман аналар іріктеліп, «Ең үздік оқырман ана» мақтау қағаздарымен марапатталды.