Құттықтау
Қыркүйектің 8 күні мектебіміздің еңбек пәнінен сабақ беретін ұстазымыз Инкарбекова Бағила Қанатқазы Меркі ауданы атынан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының аясында өткен Аламан құрақ қатысушыларымен рекорд орнатуға ат салысты. Бір мезгілде кілем тәріздес жайылған 450 көрпенің жалпы көлемі 11200 кв метрді құрады: ені бойынша 16 қатар – 40 метр, ұзындығы бойынша 28 қатар – 252 метр. Бір көрпе өлшемі 250/90 см. Көрпе тігу барысында «Гауһартас», «Аламан», «Сынық мүйіз» құрақ техникалары және