Оқушылардың жекелеген санаттарына тегін тамақтандырудың ұйымдастырылуы туралы
Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін тірек мектебі (ро) кмм
Оқушылардың жекелеген санаттарына тегін тамақтандырудың ұйымдастырылуы туралы
Анықтама
Жамбыл ауылы 06.04.2021 жыл
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұйымдастыруды туралы» 2021 жылдың 30 наурыздағы №82 бұйрығына сай 2021 жылдың 5 -ші сәуірінде аталған мектеп асханасында 2020-2021 оқу жылында бекітілген атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған, отбасынан шыққан, сондай-ақ жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім алушыларға тегін тамақтандыру ұйымдастырылды.
Ұйымдастыру шарасы Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 46 қосымшасына сай үйлестіріліп, кезекшілер тарапынан қадағаланды.
Аталған аудандық білім бөлімінің бұйрығы мен Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес мектеп директорының бұйрығы шығарылып, бұйрыққа асхананың жұмыс кестесі, мектеп әкімшілігімен ұстаздар тарапынан бекітілген кезекшілік кестесі, сонымен қатар 46-қосымшаның 6-шы пунктінде көрсетілген асхананың толтырылуы тамақтану залының отыратын орындарының жобалық қуатының 30 пайыздан аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады деген талапты сақтау мақсатында жасалынған.
Бүгінгі тамақтануды ұйымдастыру іс-шарасында оқушылар сынып жетекшілерінің бақылауымен кестеде көрсетілген мерзімге сай жеке гигиеналық санитарлық талаптарды сақтай отырып, яғни асханаға кіре берісте және тамақтану залында қол жууға арналған қол жуғыштар мен тері антисептиктерін қолдануда. Кемінде 2 метр қашықтықты, 2 адамнан артық кезекті сақтай отырып тамақтануда. Сонымен қатар үстелдерді, орындықтарды және өзге де заттарды орналастыруда үстелдер арасындағы кемінде 2 метр қашықтықты сақтау талабы да сақталып отыр.
Дайындалған ас мәзірі мектептің медициналық қызметкері Б.Джуматаева тарапынан тексерілді.
Оқушыларды мектеп асханасында тамақтандыру жұмысы алдағы уақытта да мектеп әкімшілігі және мектеп жанындағы қамқоршылық кеңесі тарапынан қадағаланатын болады.