Ыстық тамақ » СШ№18 им. А.Косанулы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3244264
Есепші бөлімі:
+7(726) 3244264
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
ноябрь
2018

Ыстық тамақ

[b]Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы білім беретін тірек мектебі (ресурстық орталық)

Мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру туралы

2018-2019 оқу жылы
[b][/b]

Тамақтану біз ойлайтындай күнделікті, майда-шүйде мәселе емес. Ол - тіршіліктің негізі болып саналатын ағзадағы зат алмасудың дұрыс жүруіне, ағзаның ішкі тұрақтылығының қалыпты сақталуына, қоршаған ортамен үйлесімді әрекеттесуіне әсер ететін ең негізгі фактор.
Халқымыз әрқашанда денсаулықты бірінші орынға қойып, бірінші байлық - денсаулық деп санаған. Дені сау, еңбекқор, ақылды азамат болып өсу үшін, дұрыс тамақтана білу қажет. Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін артырады. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді.
Сондықтан, мектепте оқушыларды ыстық тамақпен қамтуға барлық жағдай жасалған. Әкімшілік пен мұғалімдердің айрықша бақылауымен Жалпыға ортақ білім беру қоры есебінен тегін тамақтануға құқығы бар аз қамтылған отбасылардың балалары тамақтандырылады. Мектеп бойынша тегін тамақтандырумен 53 бала қамтылған. Бір мезгілдік ыстық тамақ құны 437 теңгені құрайды.
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №198 бұйрығымен бекітілген «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты басшылыққа алынды.
Мектепте білім алушылар мен тәрбиеленушілердің әлеуметтік тұрмыстық жағдайына байланысты жекелеген санаттары бойынша бөлінді.
Тамыз айында мектеп бойынша әлеуметтік жағдайы төмен 24 отбасынан өтініш келіп түсті. Нәтижесінде 53 бала тізімге алынып, 3 санатқа бөлінді.
Атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отыбасыларынан шыққан 17отбасы, 41 бала. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан ұсынылатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама қабылданды.
Ата –ана қамқорлығынсыз қалған балалар 2 отбасында 4 бала. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қорғаншылық пен қамқоршылық туралы анықтама негізге алынды.
Отбасының материалдық- тұрмыстық ахуалын зерделеу негізінде жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну туралы білім беру ұйымдарының алқалық орган шешімінің, сондай –ақ қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдау үшін басқа да қажетті құжаттардың көшірмесі. 5 отбасынан 8 бала анықталды. Отбасының материалдық-тұрмыстық ахуалын зерделеу негізінде, ыстық тамаққа
жекелеген санаттар бойынша қабылданған құжат бойынша оқушылардың тізімі 28.08 күні №1 педагогикалық кеңесте бекітілді.
Жоспарлы түрде оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Биылғы оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қантардағы №20 бұйрығымен бекітілген «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидалары» басшылыққа алынды. Мектеп асханасында азық-түліктердің сапасын және ас мәзірінің дәмдік сапасын қадағалау мақсатында ата-аналар комитеті өкілдерінің, мектеп әкімшілігінің медицина қызметкерінің және басқа адамдардың қатысуымен тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия құрылады, құрамы 5 адамнан тұрады. Тамақтану үшін сабақ арасындағы 20 минуттық үзілістер ұйымдастырылған.
Мектепте ата-аналармен ыстық тамақпен қамту туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Тамыздың 15 күні жалпы ата-аналармен жиналыс ұйымдастырылды. Жиналыс барысында ата-аналарға жаңа оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №198 бұйрығы негізінде мемлекеттік қызмет көрсетудің ережелері мен тәртібі түсіндірілді. Қажетті құжаттар тізбесі туралы мәлімет беріліп, құжат қабылдау мерзімі 28 тамызға дейін қабылданатындығы айьылды.
1-7 қыркүйек аралығында «Дұрыс тамақтану-үздік білім арқауы» атты тақырыпта апталық өтті. Оның негізгі мақсаты – мектеп оқушыларының денсаулығын нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Апталық аясында ата-аналарға арналған ашық есік күндері ұйымдастырылды. Онда, ата-аналардың, оқушылардың денсаулығын нығайту, қауіптің мінез-құлық факторларын алдын алу, тиімді тамақтану, физикалық белсенділікті насихаттау, репродуктивті тамақтану және т.б. мәселелер бойынша кеңестер берілді. Әр жарты жылдықта «Ата-ана мінбері» күні ұйымдастырылады.





Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы білім беретін тірек мектебі (ресурстық орталық) педагогикалық кеңес шешімінің көшірмесі

Хаттама №1
[b][/b]

Жамбыл ауылы 29.08.2018жыл

Төрайымы: мектеп директоры Б.Т. Бектурганов
Хатшы: Мырзаханова Н.
Қатысқандар: Мектеп әкімшілігі мен мектептің педагогикалық ұжымы

[size=7]Күн тәртібінде:
5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №198 бұйрығына сәйкес «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілген қызмет стандарты бойынша Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы білім беретін тірек мектебі (ресурстық орталық) білім алып отырған аз қамтылған отбасынан шыққан білім алушы балаларды 2018-2019 оқу жылында мектеп асханасында бір мезгіл тегін тамақпен қамту мәселесі.

Тыңдалды:

Бесінші мәселе бойынша сөз алған директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шаймерденова Г. «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» үшін мемлекеттік атаулы көмек алмайтын, аз қамтылған отбасылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын тексеру үшін құрылған комиссия мүшелері директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Қуанышева Ж, директордың құқықтық-тәрбие ісіжөніндегі орынбасары – Джекебаева К, Ата – аналар комитетінің төрайымы Сексенбаева А, әлеуметтік педагог – Айылчиева С, қатысуымен аз қамтылған отбасынан шыққан білім алушы балалардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары 2018 жылдың тамыз айында тексеріліп зерделенгені, ол туралы тиісті актілер толтырылып, тексеру барысында барлық зерделенген отбасылардың әлеуметтік-материалдық көмекке мұқтаж екендігін баяндай келе анықталынған аз қамтылған отбасынан шыққан 53 білім алушы, Атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отыбасыларынан шыққан 17отбасы, 41 бала. Ата –ана қамқорлығынсыз қалған балалар 2 отбасында 4 бала. Отбасының материалдық- тұрмыстық ахуалын зерделеу негізінде жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну туралы білім беру ұйымдарының алқалық орган шешімінің, сондай –ақ қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдау үшін басқа да қажетті құжаттардың көшірмесі. 5 отбасынан 8 бала.
2018-2019 оқу жылында мектеп асханасында бір мезгіл тегін тамақпен қамтылсын деген ұсынысын айтты.
Педагогикалық кеңесінің комиссия мүшелері жинақталған құжаттарды тексере отырып, педагогикалық кеңес мүшелері

Шешімі:

2018-2019 оқу жылында мектеп асханасында бір мезгіл тегін тамақпен 53 білім алушы қамтылсын.

[b]
Төрағасы: Б.Т. Бектурганов
Хатшы: Н. Мырзаханова [/b]

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив