Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы
Хаттама
12 мамыр №18 А.Қосанұлы атындағы
2017 жыл тірек мектебі (ро)
Ата – аналардың жалпыұлттық жиналысы
Қатысқандар:
1. Мектеп директоры А.А.Қалқабаева
2. ДОТІЖО Смағұлова Н.
3. ДТЖО Қыдырбаева К.
4. ДҚТЖО Қуанышева Ж.
5. Ата-аналар комитетінің төрайымы Джумашева Н.
6. Сынып жетекшілері
7. Ата-аналар саны:
8. Хатшы Джекебаева К.
Күн тәртібінде:
1. Жаңартылған білім беру мазмұнының енгізілуі туралы. Баяндамашы ДТЖО Қыдырбаева К.
2. Қамқорлық кеңестің қызметі, демеушілік және қайырымдылық жасау.
3. Жаңа форматтағы ҰБТ мен мектеп түлектеріне арналған іс-шаралардың ұйымдастырылуы туралы. Баяндамашы ДОТІЖО Смағұлова Н.
4. «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы туралы Баяндамашы кітапханашы Абашева Ж.
5. Жаңа оқу жылында мектеп оқушыларына арналған бірыңғай мектеп формасы туралы.
Жиналыс барысында күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, өзара қызу талқылаулар жасалып, төмендегідей шешім қабылданды.
Шешімі:
1.Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізілуі және оны жүзеге асыру, ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жандандырылсын.
2.Қамқорлық кеңес жұмысы қанағаттанарлық деп танылсын.
3.Мектеп түлектерін ҰБТ тапсыру мен қорытынды аттестаттауға дайындау жұмыстары күшейтілсін, қадағалау ата-аналар тарапынан жасалсын.
4.Жаңа оқу жылында мектеп оқушылары 100 % бірыңғай мектеп формасымен қамтамасыз етілуі ата-анаға жүктелсін.