"Мектепке жол" акциясының қорытынды анықтамасы » СШ№18 им. А.Косанулы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3244264
Есепші бөлімі:
+7(726) 3244264
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мектепке жол" акциясының қорытынды анықтамасы
29
сентябрь
2022

"Мектепке жол" акциясының қорытынды анықтамасы

Аккөз Қосанұлы атындағы №18 жылпы орта білім беретін тірек мектебі  (р о) «Мектепке жол» жалпы республикалық   қайырымдылық акциясын өткізу туралы хабарлама

            Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2022 жылғы 27 шілдедегі № 03-2009 хатына сәйкес, Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы 28 шілде  № 840 хатына сәйкес,  2022 жылғы 1 тамыз  - 31 тамыз  аралығында    «Мектепке жол-шекарасыз жақсылық» атты ұранмен дәстүрлі республикалық «Мектепке жол»  қайырымдылық акциясы өткізілді.

       Акцияның мақсаты:  аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа қайырымдылық көмек көрсету. 

Акция ұйымдастырылған тұрде жоспарға сай өткізілді, акцияның өту барысы туралы ақпарат жергілікті БАҚ және сайттарда орналастырылды. Әр онкүндіктің есебі аудандық білім беру бөліміне жолданды.  балардың барлық әлеуметтік жағдайлары ескерілді, әр отбасы мен бала әлеуметтік көмек алу кезінде ешқандай наразылық көрсеткен жоқ. Әр балаға жеке –жеке көмек берілді.

      Мектебімізде  «Мектепке жол» акциясын өткізу туралы бұйрық шығарылып, жоспар құрылды, акцияны ұйымдастыру құрамы бекітілді. Әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балаларына және басқа санаттағы балаларға қайырымдылық жасау, 0-18 жас аралығындағы балаларды жаппай оқумен қамту және әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету жұмыстары ұйымдастырылды. Мектепте жаңа оқу жылы басында 938 бала біліммен қамтылды. 

    Мөлтек аудандар бойынша мектепке қамтылмай қалған оқушы анықталған жоқ. 

  Акцияның барысында мектеп ұжымы,ішкі істер бөлімінің қызметкерлері және ата- ана жұртшылығымен бірлескен іс- шаралар жүзеге асырылды. Акция іс шараларының аясында қатер тобындағы қасақана сабақтан жалтарғандар мен панасыз балалардың, тұрмысы қолайсыз отбасындағы балаларды, сондай ақ жүйелі түрде мектепке бармайтын балаларды анықтау бойынша мектебімізде   барлығы  4 рейдтік іс- шаралар жүргізілді. Оның ішінде жартылай жетім оқушының үйіне 1,   көңіл көтеретін ойын сауық жерлерде - 1, компьютерлік салондар бойынша-1, базарларға-1  іс- шаралар жүргізілді.

Акция іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге барлығы 5 тұлға қатысты.Олар білім беру ұйымдарының   өкілдері-2, ішкі істер бөлімінің қызметкері-1,ата- ана жұртшылығы-2. Рейд қорытындысы бойынша анықталған мектебімізде әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылар мен балалардың және олардың мекен- жайы   тізімдері жасалынып,оларды мектепке баруын қамтамасыз ету бойынша іс- шаралар жүзеге асырылды. Сонымен қатар,әлеуметтік  көмекке мұқтаж балаларға көмек көрсету мақсатында ықтимал меценаттардың деректері банкісі құрылып,олармен әріптестік қарым-қатынас орнатылып, аз қамтамасыз етілген отбасыларға жәрдем сұрау   туралы мөлтек ауданымыздағы  жеке кәсіпкерлерге  қатынас хат, дүкендерге үндеу  хаттар жіберілді.  Биылғы оқу   жылындағы «Мектепке жол- Шекарасыз жақсылық!» ұранымен мектебіміздегі аз қамтылған отбасындағы және көп балалы   отбасынан шыққан  45 балаға 577000 (бес жүз жетпіс жеті мың) тенге көлемінде демеушілер тарапынан көмек көрсетілсе, бюджет есебінен 118 оқушыға 3838000 жуық теңгеге  көмек көрсетілді.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив