Қамқорлық акциясы
Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы білім беретін тірек мектебі (ресурстық орталық)
«Қамқорлық» акциясының өтілуі туралы
Хабарлама
«Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2019 жыл 9 қаңтарындағы №4 бұйрығына сәйкес Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы білім беретін тірек мектебі (ресурстық орталық) «Қамқорлық» акциясы ұйымдастырылып, жоспары жасалып бекітілді.
Мектепте әлеуметтік санатқа: жартылай жетім , аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар саны-49, көп балалы отбасынан шыққан шыққан оқушылар саны –113, жайыз отбасында тәрбиеленетін оқушылар оқушылар саны -2. Қамқоршылықтағы оқушылар саны -3
Қаңтар айларында өткен «Қамқорлық» қайырымдылық акциясының бірінші онкүндігінде аз қамтылған отбасынан келетін 6 оқушы көмеккке мұқтаж болып анықталды. Олар 1 «б» сынып оқушысы Әшірхан Бағым (мектеп формасы), 1 «г» сынып оқушысы Әкеғұл Жәния (сырт киім), 7 «в» сынып оқушылары Ергеш Нұрмұхамет (аяқ киім), Ермек Бексұлтан (аяқ киім), Абдулахан Мадияр (аяқ киім), Қорабай Тілектес (аяқ киім) жалпы соммасы 26 000 теңге мектепішілік «Тәтті тоқаш» жәрмеңкесінен түскен қаражатқа осы 6 оқушы қамтамасыз етілді.



Жоспарға сай іс-шаралар негізінде «Жүректен жүрекке» стенді жасалып, мөлтек аудандардағы дәріханалармен дүкендерге хабарламалар ілінді. Қаңтар айының 10 жұлдызы күні жалпыға міндетті оқумен қамту және «Қамқорлық» акциясын өткізілуіне байланысты мекетке «Жүректен жүрекке» тақырыбында «Қамқорлық» бұрышы жаслып, үлкен стенд шығарылды. Бұл стендке мектептегі әлеуметтік педагог және психологтардың жұмысынан алынды.
Осы акцияға байланысты «Жүректен жүрекке» тақырыбында психолог пен әлеуметтік педагог бірлесе отырып, тренинг өтті.
Панасыз, қадағалаусыз қалған оқушыларды анықтау мақсатында ДҚТЖО Қуанышева Ж. мен мектептің денешынықтыру пән мұғалімдері рейд ұйымдастырылып, орталық мал базар, көлік жуу орындарына барылды.
Қаңтар айында өткен «Қамқорлық» қайырымдылық акциясының екінші онкүндігінде аз қамтылған отбасынан келетін 8 оқушы көмекке мұқтаж болып анықталды. Олар Аманбай Арсен 1 «б» сынып оқушысы (аяқ киім), 2 «ә» сынып оқушысы Тынышбай Зеін (аяқ киім), 0«ә» сынып оқушысы Жексен Гульзия (аяқ киім), 8 «б» сынып оқушысы Абдумалик Дания (ақ жейде), 3 «в» сынып оқушысы Темірбек Абубакир (аяқ киім, шалбар), 8 «в» сынып оқушысы Жексен Айдын (аяқ киім) 2 «в» сынып оқушысы Аман Мұхамеджан (сырт киім), 5 «ә» сынып оқушысы Нұржанұлы Марлен (оқу құралдары) жалпы соммасы 38000 теңге мектепішілік «Тәтті тоқаш» жәрмеңкесінен түскен қаражатқа осы 8 оқушы қажетті заттармен қамтамасыз етілді.
Аз қамтылған отбасынан келетін 24 отбасынан 52 оқушы келеді. Бұл оқушылар мектеп асханасында бір мезгіл тегін тамақпен қамтылып отыр.
Панасыз, қадағалаусыз қалған оқушыларды анықтау мақсатында ДҚТЖО Қуанышева Ж. мен мектептің денешынықтыру пән мұғалімдерінен рейд ұйымдастырылып, орталық мал базар, саяжай көңіл көтеретін орындарға барылды. ДТЖО Ә.Батырбекова, ДҚТЖО Ж.Қуанышева және әлеуметтік педагог С.Айылшиева, психолог Т.Умирбаева жағдайы төмен 8 оқушының үйіне барып, акт толтырды.
Үшінші онкүндікте әлеуметтік көмекке мұқтаж 16 оқушы анықталып, жәрмеңкеден түскен қаражатқа қажетті заттар: киім, оқу құралдары, аяқ киімдер алынып берілді. Атап айтатын болсақ: 3«г» сынып оқушысы Жолдыбай Қанат (спорттық киім), 3 «г»Аманжол Арсен (спорттық киім), 3 «ә» сынып оқушысы Құттыбаев Абдумутәліп (спорттық киім), 3 «б» сынып оқушысы Орынтай Айзере (спорттық киім), 3 «б» Орынтай Рахым (аяқ киім), 9 «б» сынып оқушысы Досманбетова Адина (аяқ киім), 8 «ә» сынып оқушысы Досманбетов Ғалымжан (аяқ киім), Ергеш Нұрмұхамед 7 «в» сынып оқушысы (ақ жейде, шалбар), 2 «г» сынып оқушысы Ергеш Ырыскелді (ақ жейде), 1 «ә»Сидорова Вероника (сырт киім), 6 «г» сынып оқушысы (аяқ киім), 1 «а» сынып оқушысы Темірбекова Айсұлу (оқу құралдары), Орынбасар Кәмшат (оқу құралдары), 4 «а» сынып оқушысы Асанқұл Аяжан (сырт киім), 1 «д» сынып оқушысы Баубек Нұрфазыл (аяқ киім), 3 «в» сынып оқушысы Абдумалик Бейбарыс (Аяқ киім), 4 «г». сынып оқушысы Әшірхан Ерасыл (аяқ киім).
Осы «Қамқоршылық» акциясы бойынша мәліметтер мектеп сайтына жарияланып, «Меркі ақиқат» газетіне мақалаға ұсынылды.