30
ноябрь
2018
Қамқоршылық есеп
Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы білім беретін тірек мектебі
«Мектепке жол» «Қамқорлық» жалпы республикалық акциясында материалдық көмек алған оқушылар туралы директордың есеп беруі
2018-2019 оқу жылы
Жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету, 1 қыркүйекте мектепке бара алмайтын балалардың әлеуметтік себептерінің алдын алу мақсатында 1 тамыз – 30 тамыз аралығында «Мектепке жол» атты акциясы өткізіліп, әлеуметтік көмекке мұқтаж оқушылар анықталып, төмендегі оқушыларға демеушілер есебінен көмек көрсетілді. Тамыз айының бірінші он күндігінде жосапры құрылып, бекітілді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қуанышева Ж. және сынып жетекшілер мен әлеуметтік педагогтың қатысуымен, оқушылардың жағдайын зерттеу барысында көмекті қажет ететін оқушылар анықталып, көмек көрсетілді. Сұлтанбек Әбдіхалық 8 «а» ақ жейде, оқу құралдары 6500т Билібаева ВенераСұлтанбек Нұрбақыт 6 «а» ақ жейде, оқу құралдары 6500т Иманбекова Б. Оразхан Арман 1 «г» мектеп формасы, оқу құралдары 11000т Тастанова Б.
«Мектепке жол» республикалық акциясын ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп, мектеп ұстаздарынан құрылған комиссия мүшелерінің қатысуымен аз қамтамасыз етілетін көп балалы отбасы оқушылары анықталды.
Директордың тәрбие ісі жөнінжегі орынбасары Қуанышева Ж.А. және сынып жетекшілер, әлеуметтік педагог Айылшиева С., және ауылдық округ өкілдері бірлесе отырып әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасындағы балалардың мекен жайлары және жай тізімдерін құрды. Жергілікті тұрғындар мен кәсіпкерлерден көмекке қол ұшын созып, қайырымдылық көрсетуін сұрап үндеу хаттары жіберілді. Соның нәтижесінде көмек алған көпбалалы отбасынан келетін оқушылар Оразбаева Айнұр 8 сынып оқушысына және Оразбаева Ұлмекен 4 сынып оқушысына, Оразбаев Арман 1 сынып оқушысына 24000 теңге көмек алды.
Үшінші онкүндікте шұғыл көмекті қажет ететін 8 оқушыға демеушілеріміздің көмегімен қажетті заттар алып берілді. Атап айтатын болсақ: Зарипова Гузель, Бешкемпирова Мадина, Бешкемпиров Мадияр, Ергеш Рыскелді, Мұратқызы А, Мұратқызы Д, Касмединова А, Ергеш Нурмуханбет. Жалпы «Мектепке жол» республикалық акциясын қорытындылай келе демеушілердің көмек соммасы 184000 теңгені құрады.
Қыркүйек айында мектеп оқушыларының өткізетін «Тәтті тоқаш» жәрмеңкесі басталып, сыныптар мектеп ауласында жәрмеңкеге ат салыса қатысты. «Қамқорлық» республикалық акциясын ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп, сынып жетекшілер мен әлеуметтік педагог және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары бірлесе отырып, көп балалы және аз қамтылған оқушыларды анықтады.
Бірінші он күндікте мектепте өткен «Тәтті тоқаш» жәрмеңкесінен жиналған қаражатқа шұғыл көмекке мұқтаж көп балалы 3 отбасынан келетін 3оқушыға қажетті заттар алып берілді.
Екінші онкүндікте «Адамдық қасиет» тақырыбында 2 және 4 сыныптар арасында сынып сағаттары өтті. Сынып сағаттары әр-түрлі, қайырымдылыққа байланысты слайдтар мен видеороликтер көрсетілді.Оқушылар қайырымдылыққа байланысты мақал-мәтел, ертегілер айтып белсене жалғастырды.
Екінші онкүндікте сынып жетекшілермен байланыса отырып,аз қамсыздандырылған отбасы балаларына көмек көрсетілді.
Үшінші онкүндікке жалғасқан «Тәтті тоқаш жәрмеңкесіне» де сыныптар ат салыса қатысып, жәрмеңке жалғасын тапты. Мектеп психологтары «Мен және менің ортам атты» тренингін 5 және 8 сынып оқушылары арасында ұйымдастырып, жоғары дәрежеде өткізді. Әртүрлі көрнекіліктер және слайд көрсетіп, оқушыларға өз ортасымен қарым-қатынасты нығайтудағы адам құндылықтарының деңгейін түсіндіріп өтті.Соңғы онкүндікте жартылай жетім және тұл жетім оқушылар арасынан көмекке мұқтаж оқушылар анықталып,көмек көрсетілді.
Соңғы онкүндікте жоғарыда кеседе көрсетілген 5 оқушы қажетті заттармен қамтамасыз етілді.