15
февраль
2024
Қысқы сессия жұмыстарының жүргізілуі
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 08.01.2024 ж. №02 - 58 хатына сәйкес Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін тірек мектебінің (ресурстық орталық) коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қысқы оқу сессиясы дәстүрлі форматта 29.012024ж күні басталды. Қысқы оқу сессиясында №33, №34, №35 жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары тірек мектебіне келіп білім алуда.
































Қысқы сессияға магниттік мектептердің 8 - 11 сынып оқушылары барлығы 100 оқушы қамтылды. Осы оқушылардың күнделікті сабаққа келуі қадағаланып, тасымалдау мен 3 мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
Оқушылардың түске дейінгі уақытында негізгі пәндерді оқыту процессі жүргізілді. Пән мұғалімдері цифрлық ресурстарды тиімді пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыра білді.



















Түстен кейінгі бос уақыттарында қызығушылығына қарай түрлі үйірмелерге қатыстырылып, қосымша білім беру педагогтары оқушылардың интеллектуалдық деңгейін көтеру мақсатында сыныптан тыс іс-шараларын ұйымдастырды.













